Page 13 - Жаратылыстану 6 сынып. Әдістемелік құрал.
P. 13
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
«Жаратылыстану. Өлі табиғат» курсын оқушылардың
қалай меңгергенін бақылап отыру үшін «Оқушы жетістіктерінің
карталары» үлгісін ұсынамыз. Карталар үш нұсқада берілген:
күрделілік деңгейі төмен, күрделілік деңгейі орташа және
күрделілік деңгейі жоғары. Осылайша әрбір оқушыға арнап
оның танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес карта толтырылады.
Негізгі бетін мұғалім оқу жылының басында толтырады.
Тақырыптардың өтілуіне қарай «Қорытындылар» тарауы
толтырылады. Карталар 6-сыныпта оқытылатын тақырыптар
бойынша құрастырылған. «Жетістіктер» бағанында оқу-
шының біліміне сәйкес келетін шартты белгі қойылады:
special.edu.kz. special.edu.kz.
меңгерді «+», меңгерген жоқ «–», жартылай меңгерді «0».
Баған күнтізбелік жоспарда қарастырылған тақырыпты
өткеннен соң, қайталау және жалпылау сабағынан кейін
толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде мұғалім әрбір
оқушының меңгере алмаған тұстары бойынша қорытынды
жасайды және онымен жеке жұмыс жасау жоспарын құрады.
(4-қосымша).
Мұғалімге жеке карталардың негізінде жаратылыстану
бойынша сынып үлгерімінің мониторингін жүргізу ұсынылады.
Оның көмегімен мұғалім оқушылардың қай тақырыптарды
жеткілікті түрде меңгермегенін, өзінің жіберген ағаттықта-
рын анықтап алады және осы кемшіліктерді жою бойынша
special.edu.kz. special.edu.kz.
жоспарды құра алады. (5-қосымша).
special.edu.kz. special.edu.kz.
11