Page 11 - Жаратылыстану 6 сынып. Әдістемелік құрал.
P. 11

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           ластырылған. Бұл сөздер танысу, енжар сөздікті толтыру
           үшін ұсынылады, оларды белсенді сөздікке енгізудің қажеті
           жоқ.
             11. Әрбір оқытылатын тақырыптан соң мәтіннің соңында
           сабақтың негізгі ойлары жиектемеге алынған. Бұл мәтін оқу
           сабағымен ұштасады және сабақтың қысқаша мазмұнын
           береді.
             12. Негізгі ұғымдар мәтінде қалың қаріппен ерекшелен-
           ген. Бұл мәтінді көзбен қабылдауды жеңілдетеді және мәтін
           ішінен бастысын тез іздеп табуға көмектеседі.
             13. Параграф соңында әрдеңгейлі үш сұрақ ұсынылған.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           Олар келесі қағида бойынша құрылған: күрделілік деңгейі
           төмен сұрақ — тану, күрделілік деңгейі орташа сұрақ — түсі-
           ну, күрделілік деңгейі жоғары сұрақ — алған білімін қолдану.
           Мәтіннің өзінде де сұрақтар болғандықтан, осыдан артық
           сұрақ қоюдың қажеті жоқ. Дегенмен, бұл жерде де мұғалім
           өзі шешуі тиіс, қаласа егжей-тегжейлі сұрастыруына болады.
             14. Жұмыс дәптерлері курсты оқыту барысында маңызды
           рөл ойнайды. Олар сабақта пайдалануға да, үй тапсыр-
           маларын орындауға да арналған. Жұмыс дәптерлерінде
           өтілген материалды бекітуге арналған түсінікті тапсырмалар,
           оқулыққа кірмеген пәнге қатысты мәліметтер, оқушылардың
           білімін  кеңейтуге  арналған  тапсырмалар,  сөзжұмбақтар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           мен қызықты тапсырмалар бар. Жұмыс дәптерінің мазмұны
           оқулық мазмұнын қайталамайды, қайта оны толықтырады.
             Сонымен қатар жұмыс дәптерлерінің бар болуы мұғалім
           шығармашылығын шектемейді — мұғалім әрқашан тапсыр-
           маны толықтыра немесе өзгерте алады. Кейбір мұғалімдер
           оқушыларға өтілген материалды тірек сызбалар немесе
           суреттер түрінде бейнелеуді ұсынады. Тірек сызбаларды
           барынша қарапайым, есте сақталатындай, бейнелі, оңай
           танылатындай  етіп  сызу  керек.  Оларды  мұғалім  ұсына-
           ды. Тірек сызбаларды жансыз табиғат денелерін, үдерісті
           сипаттау кезінде, жауапты құрастыру, сабақты айтып беру
           кезінде пайдалануға болады.                                     9
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16