Page 8 - Жаратылыстану 6 сынып. Әдістемелік құрал.
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ды талап етеді. Оқушылар өз жауаптарын сұрақтың астында
берілген автор жауаптарымен салыстыра алады.
5. Мәтін тиімді тапсырмалардың орындалуын қамтыған.
Мұндай тапсырманы орындау үшін қорытынды жасау керек,
баға беру керек. Оқушылар мәтін мен суреттерді пайдала-
нып өздері мәтінді құрады.
Оқулықта материалдар дәстүрлі сипатта емес, ақыл-ой
дамуында бұзылыстары бар осы жастағы оқушылардың
психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып берілген.
6. Оқушының сабаққа зейін қоюына мәтіннен гөрі сурет
көбірек ықпал етеді, ал оқыту үдерісіне оқушыларға ұғынықты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кейіпкерлерді — Айша мен Маратты — енгізу оқушылардың
оқуға деген қызығушылығын арттырады. Оқулықта сурет
жай ғана мәтіннің сурет мысалы емес, сабақ материалын
оқытудың негізгі құралы болып табылады. Сурет негізінде
оқушылар қорытынды жасайды, білім алады.
7. «Табиғат», «Су» сияқты мазмұны оқушылардың өмірлік
тәжірибесіне сүйенетін тарауларды көбінесе жартылай іздеу
әдісін қолданып оқыту ұсынылады. «Пайдалы қазбалар»
тарауын ол әлдеқайда күрделі әрі балалардың ол туралы
мағлұматы аз болғандықтан, негізінен, жалпы қабылданған
мазмұнда оқыту ұсынылады.
8. Сабақта оқушыларға бәрін егжей-тегжейлі түсіндіруді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ұсынамыз. Оқушылардың танысуына және есте сақтауына
жаңа материалдардың үлкен көлемін бермеуге кеңес
береміз. Оқытуда әртүрлі жұмыс жасау тәсілдерін қолданып
балалардың ойынға, жарысқа деген ұмтылысын кеңінен
пайдалану қажет.
9. Оқыту уақытының елеулі бөлігі зерттеулер жүргізуге
бөлінген. Зерттеулердің кейбірін оқушылар мұғалім жетек-
шілігімен жүргізеді, ал кейбірін — тек мұғалімнің өзі жүргізеді.
Бұл өткізілетін тәжірибелердің қауіптілігі мен күрделілігіне
байланысты. Мұндай жағдайда оқушылар тәжірибені тек
қана бақылайды және мұғалімнің бағыттаушы сұрақтарының
көмегімен қорытынды жасайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
6