Page 12 - Жаратылыстану 6 сынып. Әдістемелік құрал.
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әрбір атау үшін өз белгісі қолданылады. Шартты белгілер
көп болмауы тиіс. 3-5 белгіні енгізуден бастауға болады.
Оқушылар тірек сызбалардың көмегімен қуана-қуана жа-
уап береді. Олар мұнан ойын элементін көреді, мысалы,
барлаушылар туралы ойындағы шифр ретінде көреді.
Дәптерде тапсырмалар сараланып берілген. Мұғалім сы-
нып оқушыларының мүмкіндіктеріне байланысты, мысалы,
алдымен бәріне бірдей күрделілік деңгейі төмен тапсырма-
ларды орындауды, содан соң барып одан күрделі тапсыр-
маларды орындауды ұсына алады. Кейбір тапсырмалардың
орындалуын мұғаліммен бірге талдап, кезең-кезеңмен орын-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дау керек, олардың кейбіреулерін оқушылар өзара, топпен
талқылайды, содан кейін орындайды. Дәптерге оқушылар
өздігінен орындай алатын тапсырмалар да енгізілген.
Жұмыс дәптерінде тапсырмалармен жұмыс істеу нұс-
қалары көп. Бәрі сыныптың психологиялық-педагогикалық
сипаттамасына және мұғалімнің шығармашылығына бай-
ланысты.
Оқушыларға кейбір жаратылыстану ұғымдары мен үдеріс-
терін түсіну қиынға соғады. Бірақ тәжірибе бұл ұғымдардың
бәрін оқушылардың басым көпшілігіне түсіндіруге болаты-
нын көрсетеді. Дегенмен оқушылардан материалды есте
сақтап алуын әдейі талап етуге болмайды. Бұл олардың
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
пәнге деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін. Одан да
балалардың материалды еріксіз меңгеруі үшін оларды жиі
қайталап тұрған жөн.
Әдістемелік құралда күнтізбелік-тақырыптық жоспардың
жобасы берілген. Мұғалім оны қалауы бойынша өзгертуі
мүмкін. (1-қосымша).
Сабақтар жоспарын дайындау кезінде сабақ мақсатын
тұжырымдау бойынша материал және тақырыптық кар-
талар материалы таптырмас көмекші құрал болады.
(2-3-қосымшалар).
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
10