Page 9 - Жаратылыстану 6 сынып. Әдістемелік құрал.
P. 9
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқушылармен мұндай жұмыс жасаудың өзіндік қиын-
дықтары бар:
Оқушылардың санасына тәжірибенің ойын емес екенін
және оны жай жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар нәтиже-
лерін меңгеру әрі қорытынды жасау керектігін жеткізу өте
қиын. Аспаптармен жұмыс істеу кезінде балалар шектен
тыс эмоцияға беріліп кетеді, өз әрекеттерін көршісінің әре-
кеттерімен салыстырғысы келеді, нұсқаулықпен таныспай
жатып тәжірибе бастап кеткісі де келеді. Мұғалім осының
бәрін ескеріп, оқушылардың әрекеттерін тиісті арнаға бұ-
руы тиіс.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Екінші қиындық — мұғалімнің зерде бұзылыстары бар
оқушының тәжірибені жүргізе алу қабілетінен күдіктенуі
(әрине, онысы негізсіз емес). Дегенмен әрбір оқушыны
тәжірибе жүргізуге қатыстыру өте маңызды.
Бұл жерде бастысы — оқушының мүмкіндігін есепке алу:
- күрделілік деңгейі төмен бағдарламаны меңгеретін
оқушыларды бағдарламаны жоғарырақ деңгейде меңгеретін
оқушылар арасында бөліп қоюға болады. Нашар оқушыларды
бақылаушы етіп тағайындауға немесе оларға стақанды
ұстап тұруды, үстелді сүртуді тапсыруға болады;
- аса белсенді балаларды бас көмекші етіп тағайындау-
ға және тәжірибелерді олармен бірге сіздің тікелей бақы-
special.edu.kz. special.edu.kz.
лауыңызбен жүргізуге болады. Бұл жерде әрбір балаға
алдын ала оның тәжірибе жүргізу кезіндегі рөлін түсіндіріп,
оның міндетінің маңызды екенін, жауапкершілік деңгейін
сезіндіру керек.
Үшінші қиындық — бұл қажетті жабдықтың бар болуы.
Ұсынылып отырған тәжірибелерді өткізу үшін өте қымбат
арнайы жабдық пен препараттар қажет емес. Колбаның ор-
нына стақанды, ал спирт шамының орнына көкке шыққанда
қолданылатын құрғақ отынды пайдалануға болады. Бұл
жерде мұғалімнің тәжірибелерді көрсетіп қана қоймай,
оқушылармен бірге тәжірибені жүргізуді қалауы және дайын
болуы ғана қажет. 7
special.edu.kz. special.edu.kz.