Page 6 - Жаратылыстану 6 сынып. Әдістемелік құрал.
P. 6

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
                    ОӘК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


              Жаратылыстану оқу пәні зерде даму бұзылыстары бар
           оқушылар  үшін  айтарлықтай  күрделі  болып  табылады.
           Өмірлік тәжірибесі аз және білім қоры жеткіліксіз оқушыға
           бұл пәннің мағынасын ашып жеткізу  — оңай шешіле қойы-
           латын проблема емес.
              «Адам тек бірдеңені түсінуге ұмтылған кезде ғана ойлай
           бастайды» деп жазған С. Л. Рубинштейн.
              Біз мұғалімнің баяндауы, мәтінді оқу, сұрақтарға жауап
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           беру сияқты оқытудың дәстүрлі тәсілдерін пайдалануды
           қойып, аңғарымдарына қарамастан оқушылардың сабаққа
           белсенді қатысуына жағдай жасауға кеңес береміз. Яғни,
           ғылыми тілмен айтқанда, біз оқытуда жартылай іздену әдісін
           пайдалануды ұсынамыз.
              Жартылай іздену әдісі немесе эвристикалық әдіс — мұ-
           ғалім белгілі бір мәселені көтеріп, мақсат қойып, мәселені
           шешу жолдарын іздеу кезіндегі жеке қадамдарды оқушы-
           лардың орындауын ұйымдастыратын әдіс.
              Мұғалім  басқа  тәсілдердегідей,  бірақ  осы  тәсілге  тән
           тәсілмен  жеке  құралдарды:  ауызша  және  жазбаша  сөз,
           кестелер, суреттер және иллюстрацияларды пайдаланады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Оқушы  тапсырманы  ұғады,  оның  шартын  зерделейді,
           тапсырманың жартысын шешеді, білетінін талдайды, өмірлік
           тәжірибесіне  сүйенеді.  Дегенмен  ол  зерттеу  кезеңдерін
           жоспарлаумен, кезеңдерді бір-бірімен байланыстырумен
           айналыспайды. Оның бәрін мұғалім жасайды.
              Мәселені толықтай шеше алмаса да, мектеп оқушыла-
           рының жалпы мәселенің кейбір сұрақтарын шешуге қатысуы
           олардың өзін-өзі жоғары бағалауына себін тигізеді, пәнге
           деген қызығушылығын арттырады.
              Әдетте, тақырыпты оқытуды бастағанда мәселе көтері-
           леді. Біздің оқулығымызда бұл сабақ тақырыбы бойынша
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11