Page 7 - Жаратылыстану 6 сынып. Әдістемелік құрал.
P. 7

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           сұрақтар қоятын және проблемалық жағдайларды құратын
           білімқұмар балалар Айша мен Марат түрінде берілген.
             Біз оқушыларға оқулық мәтінін жай ғана оқып немесе
           мұғалім монологін тыңдап қана қоймай, үнемі сабақ ма-
           териалын оқу барысы бойында сұрақтарға жауап беруді,
           зерттеулер жүргізуді, қорытындылар жасауды,  мәтіндегі
           проблемалық жағдайдың сұрақтарын шешу үшін жауаптар-
           ды іздеп табуды ұсынамыз.
             1. Мәтін басында «Сен білесің бе?» айдарында тақырып
           бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар бұл сұрақтардың жа-
           уаптарын тақырыпты оқу барысында алатын болады. Сабақ
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           соңында мұғалім оқушылардың осы сұрақтарға жауап беруін
           ұсынады, сол арқылы тақырыптың қаншалықты ашылғанын
           және оқушылардың оны қаншалықты меңгергенін анықтайды.
             2. Сабақтың әр тақырыбының басында берілетін тірек
           сөздер оқушылардың сабақ барысында осы сөздерді же-
           ңіл қабылдауына көмектеседі. Оқушылар оқу барысында
           еріксіз  осы  сөздерге  назар  аударатын  болады.  Мұғалім
           оқушылардың сұрақтарға осы сөздерді қосып жауап беруін
           талап етуі керек.
             3. Мұғалім сабақта балалармен бірге мәселені шешу жоспа-
           рын құрады. Содан соң диалог барысында мәселені шешудің
           жолдары мен нұсқаларын оқушылардың өздері ұсынуына
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           ынталандырады. Мысалы, заттардың суда ерігіштігін оқыту
           кезінде мұғалім тәжірибе жүргізбестен бұрын оқушылардан
           қандай заттар суда еритінін және ерімейтінін болжап, кесте-
           де белгілеуін сұрайды. Тәжірибелер жүргізілгеннен кейін
           оқушылар болжалды нәтижелер мен алынған нәтижелерді
           салыстырады. Мұғалім диалог көмегімен оқушылардың жаңа
           білімді өздері қорытындылауына жетелейді.
             4. Оқулық мәтінінде тақырыптың әрі қарай ашылуын ал-
           дын алатын сұрақтар ерекшеленген. Бұл сұрақтарға жауап
           беру оқушының бұрынғы білімін өзектендіруді немесе белгілі
           бір үдеріс, ұғым немесе құбылыс туралы өз болжамын айту-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12