Page 5 - 6.5
P. 5

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                                       КІРІСПЕ

             Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
           алушыларды математикаға оқытудың Типтік оқу жоспары
           мен  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламаға  сәйкес,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сондай-ақ  осы  қарастырылып  отырған  санаттағы  білім
           алушылар дың танымдық әрекетінің ерекшеліктерін есепке
           ала  отырып  құрылған.  Ол  оқулықты,  оқушыға  арналған
           жұ мыс дәптерді және осы әдістемелік құралды қамтиды.
           Оқу-әдістемелік  кешен  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім
           алушыларды кез келген жағдайда: жалпы білім беру мек-
           тебінің  арнайы  сыныбында  да,  сондай-ақ  инклю зивтік
           білім беру жағдайындағы әдеттегі сыныптарда да оқытуды
           ұйымдастыруда пайда ланылуға тиісті.
             Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны аталған санаттағы
           оқушыларды математикаға оқытудың келесі міндеттерін
           шешумен қамтамасыз етуге бағытталған:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             1) білім алушыда тұрмыстық жағдайларда өз бетінше әре-
           кеттенуге, шаруашылық-еңбектік әрекетті және қол же тімді
           мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін мате мати калық
           білім, икемділіктер мен дағдыларды қалып тастыру;
             2) білім алушылардың танымдық әрекетінің кемшілік терін
           өтеуге көмектесу, оларда жағымды эмоциялық-ерік және
           жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
             3) білім алушылардың сөйлеу тілін дамыту, оны мате-
           ма тикалық терминдермен және айтылымдармен байыту,
           өзінің  әрекетін  айтып  отыруға,  тапсырманы  шешу  және
           геометриялық құрылыстарды орындау туралы толық есеп
           беруге үйрету;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             4)  білім  алушылардың  көрнекілік-әрекеттік  және  көр-
           не кілік-бейнелік ойлауын, ойлау операцияларын (талдау,
           салыстыру, қорытындылау, жіктеу) дамыту;
             5) оқу сабақтарына, басқа білім алушылармен және ере -
           с е ктермен өзара әрекеттенуге деген қызығушылықты дамыту.

                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10