Page 10 - 6.5
P. 10

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              Жұмыс дәптеріндегі жаттығулар оқушыдан қарау, сәй-
           кес тілікті табу, белгілі бір белгісі бойынша заттың жұбын
           табу, нобай бойымен жүргізу, нобай ішін штрихтау, суретті
           аяқтау және т.б. сияқты белсенді әрекеттерді талап етеді.
           Бұл әрекеттер оқушыдан зейінді шоғырландыруды, ана-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ли  тикалық-синтетикалық  әрекетті  салыстыруды,  сәй кес -
             тендіруді,  қарама-қайшылықты  табуды,  көру-қимыл  үй-
           лесімділігін, өзін-өзі бақылауды талап етеді.
              Жұмыс  дәптеріндегі  оқушының  графикалық  әрекеті
           заттық-практикалық әрекетті толықтырады және әдет тегі
           торкөз дәптерде жұмыс істеу дайындығын қалып тас тырады.
           Оқушы жұмыс дәптерінің басқа беттеріне алаң дамауы үшін
           оған жұмыс дәптерінен белгіленген сызық бой ынша кесілген
           бір жұмыс бетін беру керек.
              Әрбір  тоқсан  және  оқу  жылының  соңында  оқушының
           тақырыпты, тарауды оқуды аяқтауы бойынша жетістіктерін
           талдау үшін оқушының барлық жұмысын бір папкаға жи наңыз.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Оқушы жұмыс дәптерінде ұсынылған барлық жаттығуларды
           орындауға міндетті емес. Мұғалім оқушының мүмкіндігін
           бақылай отырып, оқушыға қолжетімді тапсырманы таңдауы
           керек. Тапсырманы оқушы үшін орындауға болмайды.
              Жұмыс дәптерінде әрбір оқушының оқу тапсырмаларын
           меңгеру деңгейін белгілеуге болатын жетістік картасы ұсы-
           нылады. Мұғалімнен материалды меңгеру деңгейін күр де-
           лілік деңгейіне сәйкес бағанға қажетті күнді қоя отырып,
           белгілеу талап етіледі. Оқушының әрбір тақырып аясында
           орындаған барлық әрекеттерін талдау және мұқият бақылау
           нәтижесінде оның жеткен жетістіктерін анықтауға болады.
              Әрбір тоқсанның және оқу жылының соңында дәптер бет-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           теріндегі оқушының жұмыстары мен толтырылған же тістік
           картасынан әрбір оқушының портфолиосы құрылады. Бұл
           материалдар әрбір оқушыға сабақта жеке көмек көрсетуге,
           сондай-ақ оқу жылының соңында объективті педагогикалық
           мінездемені құруға көмектеседі.

           8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15