Page 12 - 6.5
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
меңгеру үшін бірнеше сабақ бөлінеді. Сабақ құрылымына
міндетті түрде бұрын оқылған материалды қайталау кезеңі
ендіріледі. Оқулықты әрбір тақырып бойынша сабақтар
жүйесінде білімді бекіту және икемділіктер мен дағдыларды
жетілдіру кезеңдерінде ғана пайдаланыңыз.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқулықтың бірінші бөлімі және жұмыс дәптерінің жарты-
сы білім алушыларда санға дейінгі түсініктер қалыптасатын
математикаға оқытудың дайындық кезе ңіне бөлінген. Он-
дағы жаттығулар білім алушылардың заттардың көлемі
(үлкен – кішкентай, ұзын – қысқа, биік – аласа, кең – тар, жуан
– жіңішке, терең – таяз) туралы, саны (көп – аз, бір – біреу де
жоқ, сон шалықты) туралы, заттардың пішіні мен түсі туралы,
сондай-ақ 0-сыныбында қалыптасқан кеңістіктік және мез-
гілдік түсініктерді қайталауға және бекітуге бағытталған.
Заттардың көлемі, саны, ауырлығы туралы түсініктер
оқы тудың санға дейінгі кезеңінің жетекші мазмұндық желісі
болып табылады. Бұл түсініктер сабақтардың тақырыбын
special-edu.kz. special-edu.kz.
береді (күнтізбелік жоспарды қараңыз). Бағдарламадағы
қалған түсініктер (мезгілдік, кеңістіктік және заттардың
пішіндері) өтілетін тақырыпқа тәуелсіз сабаққа жүйелі түрде
ендіріліп отырады. Мезгілдік, кеңістіктік және заттардың
пішіндері туралы түсініктерді дамытуды 2-қосымшадағы
Оқу үдерісінің жобасында берілген оқу тақырыптарының
технологиялық картасынан байқауға болады.
Санға дейінгі түсініктерді білім алушылардың сөйлеу
тіліне ендіру жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады,
бұл үшін оларды иллюстрацияларды қарауға, оларда бей-
неленілген заттар мен олардың қасиеттері туралы айтуға
ынталандыру қажет болады. Заттардың, нысандардың,
special-edu.kz. special-edu.kz.
құбылыстардың көлемдік, сандық, кеңіс тіктік, мезгілдік
қасиет терін ашып көрсететін сөздер мен айтылымдардың
дұрыс пайдаланылуын қадағалап отыру керек. Нақты зат-
тарды пайдалануды, олардың сапасын анықтау бойынша
әрекеттерді оқулықтағы иллюстрация мен сәйкестендіру
10