Page 11 - 6.5
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                    ЗЕРДЕ ДАМУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР
               1-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН ОҚЫТУ
                    ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             1-сыныпта математиканы оқыту оқу бағдарламасының
           мазмұнына сәйкес екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           кезеңде (оқулық, 1-бөлім) оқушыларды математикалық ма-
           те риалдарды қабылдауға дайындау мақсатындағы оқыту-
           дың  дайындық  мерзімі  жүзеге  асырылады.  Екінші  кезең
           (оқу лық, 2-кезең) сан қатарының бірінші бестік сандарын:
           1-5 оқытуға арналады.
             Осы әдістемелік құралда дайындық кезеңіндегі математика
           сабағының үлгілік күнтізбелік жоспары беріледі (1-қосымша).
           Әрбір тақырыпты оқуға бірнеше сағат бөлінеді. Бір тақырып
           бойынша өтетін сабақтар мұғалім шығаратын есептермен
           ерекшеленеді. Мұғалім сынып білім алушыларының мүм кін-
           діктерін бағдарлай отырып бағдарламада әрбір тақы рыппен
           жұмысқа бөлінген сағат санын өзгертуге құқығы бар. Сағат
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           санын  өзгерту  себебі  күнтізбелік  жоспардың  «Ескерту»
           бағанында көрсетіледі.
             Егер  білім  алушылар  бірінші  сынып  оқу  материалын
           мерзімінен бұрын меңгерсе, онда мұғалім екінші сынып ма-
           те риалымен жұмысқа көше алады.
             Математика сабақтарындағы оқу әрекетін ұйым дас ты-
           руға білім алушылардың заттық әрекеті негіз болады, бұл
           де рек сіз материалдарды олардың зерделік мүм кіндіктері-
           мен оқу тәсілін сәйкестендіруге мүмкіндік бе реді. Зерде
           даму бұзылыстары бар білім алушының дерексіздендіру
           мен жинақтауға қабілетсіздігі олардың бас ты ерекшелігі
           болып табылатынын ұмытпаңыз. Сондықтан дерексіз мате-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           матикалық түсініктер қоршаған болмыс зат тарын пайда ла-
           нып, балалардың өмірлік тәжірибесіне жақын, нақты прак-
           тикалық жағдайда ендірілуге және бекітілуге тиісті. Білім
           алушылардың заттық-практикалық әрекетін ұйымдастыру
           біршама уақытты қажет етеді, сондықтан әрбір жаңа түсінікті

                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16