Page 16 - 6.5
P. 16

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           түсінікті қалыптастыру. Бұл кезеңде амалдардың атаулары
           пайдаланылмайды. Бұнда білім алушылардың екі зат тобын
           біріктіргенде, олардың санының артатынын, ал зат тобынан
           затты  алып  тастағанда,  олардың  санының  азаятынын
           түсінгендері маңызды болады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Сонымен,  2  санын  оқығаннан  кейін  арифметикалық
           қосу мен азайту амалдары оқытылады, білім алушыларды
           амалдардың таңбаларымен, қосу мен азайтуға берілген
           есептердің жазылуымен және оқылуымен таныстырады.
           Сонымен бірге қосудың екі топ заттарын біріктіру екенін, ал
           азайтудың заттар тобынан бірнеше затты алып тас тау екенін
           түсіндіру жұмысы жалғастырылады. Бұндай жұмыс бірінші
           бестік сандарын оқыту бойында жалғасады, себебі зерде
           даму бұзылыстары бар білім алушыларда арифметикалық
           амалдардың дерексіз түсініктердің қалыптасуына ұзақ уақыт
           қажет болады және заттық-әрекеттік тіректі және көрнекілік
           құралдарды пайдалануды талап етеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Қосу және азайту дағдыларын бекіту кезеңінде оқулық
           пен  жұмыс  дәптеріндегі  тапсырмаларды  пайдалануды
           ұсыныңыз. Есепті шығарған кезде қосынды мен айыр маны
           табу үшін заттарды немесе санау таяқшаларын пайдала-
           нуға болады. Сонымен бірге, заттардың екі тобын біріктіру
           және топтан бірнеше затты алып тастау бойынша заттық-
           практикалық әрекеттер өз кезегінде мәтіндік арифметикалық
           есептерді  шығаруға  дайындық  болып  табылады.  Егер
           аталған әрекет толық көлемде ашылып көрсетілмесе, онда
           білім алушылар мәтіндік арифметикалық есептерді ендіру-
           де және шығаруда үлкен қиындықтарға кездеседі. Мұға -
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           лім бұл пәндік ішінара байланысты анық түсінуге және оны
           оқу үдерісін тиімділендіруге пайдалануға міндетті.
              Білім алушылар қосу мен азайтудың нақты мағынасын
           меңгергенімен, бірге қосу мен азайтудың нәтижесін табуға
           арналған есептеу тәсілдерін де меңгеруге тиісті. Білім алу-

           14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21