Page 15 - 6.5
P. 15

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           көтереді. Олардан сан құрамының бір компоненті көрнекі
           түрде берілген кезде басқа компонентін еске түсіру талап
           етіледі. Мұғалім білім алушының мүмкіндігіне қарай сан
           құрамының әрбір нұсқасын айтады және ол цифрлар мен
           таңбалардың көмегімен бейнеленеді. Мұғалім бұл ке зең-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           де жартылай көрнекілік деп аталатындармен жұмыс жүр-
           гізеді, сондықтан жұмыстағы жетістік бастапқы заттық әре-
           кетте қалыптастырылған көрнекі бейнелердің сапасымен
           анықталады. Егер білім алушы тапсырмалардың басым көп -
           шілігін орындауға қиыналса және орындай алмаса, онда зат -
           тарды екі бөлікке бөлу кезеңіне қайтадан оралу керек болады.
             Жұмыстың үшінші кезеңі заттық көптікті тірек етпей жүзеге
           асырылады. Тек математикалық жазбалар пайдаланылады.
           Білім алушылар заттар тобының бейнесін тірек ете отырып
           сан құрамын еске түсіреді және цифрларды пайдалана оты-
           рып жазады. Олар «сандық үйлерді», кестелерді толтырады,
           теңдіктер және сан құрамының басқа да шартты жазбаларын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           құрастырады. Үшінші кезең – бұл сан құрамымен жұмыстың
           аяқталу  кезеңі.  Сыныптың  барлық  оқушылары  оған  бір
           мезгілде жетпейді. Кейбір білім алушылар үшін бұл кезең
           мүлдем қолжетімді болмайды. Сондықтан оқулық тапсыр-
           маларын олардың күрделілік деңгейін бағдарлай отырып
           саралау ұсынылады. Кейбір білім алушыларға күрделілік -
           тің үшінші деңгейіндегі тапсырмаларды орындау үшін зат -
           тық көптіктерді пайдалануға рұқсат етуге болады.
             Сандармен  орындалатын  арифметикалық  амалдар  2
           са  нымен танысқаннан кейін ендіріледі. Қосу және азайту
           амалдарын  ендіру  арнайы  дайындық  жұмысын  талап
           етеді, ол дайындық кезеңінде басталып, «алға қарай жү-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ру»  қағидасына  сәйкес  жүргізіледі.  Бұл  жұмыстың  мақ-
           саты:  білім  алушыларда  екі  (немесе  бірнеше)  заттарды
           біріктіретін  практикалық  әрекет  ретіндегі  қосу  амалы
           туралы түсінікті, берілген зат тобынан заттарды алып тас-
           тау  практикалық  әрекет  ретіндегі  азайту  амалы  туралы


                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20