Page 20 - 6.5
P. 20

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           жауап беру үшін білім алушылар арифметикалық амалды
           таңдауға,  мысал ды  жазуға,  содан  кейін  есептеуді  өзі
           меңгерген тәсілмен орындауға тиісті.
              Оқулықта санның өзгеруін көрсететін көптеген иллюс-
           трациялар  ұсынылады,  білім  алушылар  осылардың  не-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           гізінде мысалды жазуға және оны шығаруға тиісті. Білім
           алушылардан суреттерде бейнеленгендер туралы, заттар
           мен нысандармен не болып жатқаны туралы толық сөйлеу
           тілдік айтылымды талап ету пайдалы болады. Оқулықта
           мәтіндік есептер берілген. Бірінші сыныпта бұл мәтіндер
           «есеп» деп аталмайды.
              Білім алушыларды мәтінде не хабарланатыны туралы
           ойша елестетуге үйретіңіз. Мәтінде сипатталатын әрекет-
           терді  орындауға  болатын  сәйкес  жағдайларды,  зат тар-
           ды  пайдалануға  болады.  Содан  кейін  мысал  құрас ты-
           рылады, қажетті есептеу жүргізіледі. Білім алушылар бұл
           жұмысты ойланбай, жай ғана орындап қоймай, оның білім
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           алушыларда  сәйкес  бейнелерді  туғызуын,  сөйлеу  тілін,
           қиялдау қабілетін дамытуын қадағалау керек. Бұл «есеп»
           түсінігін ендіруге және оны шығару дағдысын қалыптастыру
           үшін жақсы дайындық болады.
              «Көрнекі геометрия элементтері» және «Кеңістікте бағ-
           дар лау» тарауларындағы оқу материалдары оқулық пен
           жұмыс  дәптерінде  біркелкі  етіп  бөлінген.  Бұл  білім  алу-
           шылардың сабақтағы әрекетін түрлендіруге, оларды қол
           жұмысын, практикалық жұмысты ұйымдастыруға, ойын және
           қызықты материалды пайдалануға мүмкіндік береді. Соны-
           мен бірге осы оқу материалына үнемі қайтып келе беру оны
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ұмытпауға көмектеседі.
              2-қосымшадан білім алу шылардың жетістіктерін бағалау
           ендірілген, мұғалім мен білім алушының бірлескен әрекетінің
           мазмұны  туралы  бір тұтас  түсінік  беретін  1-сыныпта
           математикаға оқыту үдері сінің жобасын табасыз.


           18
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25