Page 19 - 6.5
P. 19

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             Нумерация арифметикалық қосу және азайту амалдары
           «Шама» тарауындағы оқу материалдарымен тығыз байла-
           ныста оқытылады. Бірінші сынып бағдарламасында білім
           алушыларды теңгенің құн өлшемімен және құны 1, 2 және
           5 теңгелік монеталармен таныстыру қарастырылады. Бұл
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оқу материалы бірінші бестік сандарының нумерацияларын
           оқыту ретінде ендіріледі, себебі олар оқулықтардағы жат ты-
           ғуларда қосу мен азайтуды оқыту кезінде берілген. Жатты-
           ғуларда міндетті түрде шынайы монеталар пайдаланы лу-
           ға тиісті.
             Бірінші сыныпта екінші сыныпта өтілетін «есеп» түсінігін
           ендірудің  дайындық  жұмысын  ұйымдастыру  қажет.  Бұл
           кезеңде  оқушыларға  «есеп»  және  есептің  құрылым дық
           ком поненттері туралы түсініктер хабарланбайды. Есепті
           шығару  жағдайына  барынша  жақын  әрекетті  ұсыныңыз.
           Әрекеттің  мәніне  білім  алушыларға  заттардың  саны-
           ның өзгеруі жүретін заттық жағдай ұсынылады және осы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сандық өзгерістердің нәтижесін анықтау талап етіледі. Әр-
           түрлі әрекеттерді (ұшып келді, келді, жүзіп келді, сыйлады,
           өсті, жоғалтып алды, берді, үзді, жүзіп кетті, қашып кетті
           және т.б.) көрсететін заттық жағдайларды ұйымдастыру
           қажет. Бұл зат тық жағдайлар әдістемеде драматизациялық
           есеп тер және иллюстрациялық есептер деп аталады.
           Алдымен олар ашық нәтижемен ұсынылады, ал бұл білім
           алушыға жағдайдың өзгеру нәтижесін көруге және заттарды
           санап,  сұраққа  жауап  беруге  мүмкіндік  береді.  Заттық
           әрекеттің ізі мен қосуға және азайтуға есеп құрастырылады.
           Әрі  қарай  білім  алушыларға  олардың  арифметикалық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           амалдардың нақты мағынасын меңгерулеріне қарай жабық
           нәтижелі драматизациялық есептер және иллюстрациялық
           есептер (заттар шелекке, себетке салынған немесе саны
           өзгергеннен кейін шымылдықпен жабылады) ұсынылады.
           Бұл  жағдай да  «Қанша  болды  (қалды)?»  сұрақтарына

                                                                          17
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24