Page 13 - 6.5
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
пайдалы болады, білім алушылар алдымен өткен жұмыс
бойынша таныс шынайы затты, содан кейін оқулықтағы соған
сәйкес иллюстрацияны қарастырады. Мұғалім оқулықтағы
қандай жаттығулардың сабақта пайдаланылатынын өздігі-
нен анықтауға құқылы. Білім алушылар оқулықтағы барлық
special-edu.kz. special-edu.kz.
тапсырмаларды орындауға міндетті емес. Мұғалімнің сыны-
бындағы білім алушылардың мүмкіндігін бағдарлай отырып
әртүрлі тапсырмаларды (сұрақтарды) таңдау құқығы бар.
Санға дейінгі түсініктерді қайталау кезеңі аяқталғаннан
кейін мұғалім білім алушыларда сан қатарының бірінші
бестік сандары туралы түсініктерді қалыптастыруға кіріседі.
Бұл кезеңде балалар әрбір сан туралы, яғни санды алудың
екі тәсілі (+1, –1), оның сан қатарындағы орны, екі кіші
саннан құралатын сан құрамы туралы нақты түсінік алуға
тиісті. Оларда санды 1-ден және басқа да кез келген саннан
бастап тура және кері тәртіпте санау, сондай-ақ сандарды
шамасына қарай салыстыру дағдысы қалыптастырылады.
Білім алушыларда бірінші бестік сандарының әрқайсы-
special-edu.kz. special-edu.kz.
сы туралы нақты сандық түсінікті қалыптастыру маңызды
болады. Сондықтан мұғалім санмен жұмысты әрекетті
орындау үлгісін ұсына, басқара отырып, оқушылардың
зат тық-практикалық әрекетінен бастайды. Білім алушы-
лар заттық көптіктермен, сұйық және сусымалы заттармен
әртүрлі әрекеттерді орындауға міндетті. Білім алушы
оқылатын сан туралы қажетті көру және дене арқылы се-
зі ну түсінігін жинағаннан кейін ғана мұғалім оларды сәй-
кес цифрмен, оның графикалық бейнесімен және жазу
тәсілімен таныстыра алады. Санның сандық бейнесін бекіту
кезеңінде білім алушыларға оқулық пен жұмыс дәптерін дегі
жаттығуларды ұсынуға болады. Цифрды жазу мөл ше рі
special-edu.kz. special-edu.kz.
біртіндеп кішірейе беретін торкөзде жазу арқылы үйретіледі.
Мұғалім сы ныптағы әрбір білім алушы үшін жазуды
үлкен торкөзден кішірек торкөзге ауыстыру уақытын өзі
шешеді. Қандай да бір білім алушыны әдеттегі көлемдегі
торкөзде жазуға көшіруге асықпаған дұрыс болады.
11