Page 9 - 6.5
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           да қасиеттерін талдау, салыстыру және тұжырымдау әре-
           кеттерін  орындағанда  белгілі  бір  дербестікті  білді реді.
           Мұ ға лім оқушыға арналған тапсырманың күрде лілігін ба-
           ла  ның  әртүрлі  әрекеттердегі  жетістіктерін  бақы   лау  негі-
           зінде таңдайды. Мұғалім оқушыға арналған тап сырманың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           күрделілігін 1-деңгейден 3-деңгейге дейін бір тіндеп, дәйек-
           тілікпен арттырады. Алайда мұғалім күрде ліліктің барлық
           деңгейінің әрбір оқушы үшін қолжетімді болмауы мүмкін
           екенін түсінуге міндетті. Оқушы өзінің мүмкіндігіне сәйкес
           оқу материалымен, мысалы, күрделілігі 1-деңгейдегі мате-
           риалымен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
             Оқулық  зерде  даму  бұзылыстары  бар  бірінші  сынып
           оқушылары үшін білім көзі болып табылмайды. Оқулықты
           әрбір тақырып бойынша сабақтар жүйесінде білімді бекіту
           және  икемділік  пен  дағдыларды  жетілдіру  кезеңдерінде
           ғана пайдаланыңыз.
             Оқулықта бағдарлау, оларды ұқыптылықпен пайдалану,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оқулықтың иллюстрациялық материалдары мен тапсырма-
           ларын түсіну дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы сабақ
           уақытын бөліңіз.
             Сондай-ақ балаларды жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар-
           да бағдарлауға үйретеді. Жұмыс дәптері оқулықтың және
           оқушылардың әрбір сабақта орындайтын заттық-практи-
           калық әрекеттерінің мазмұнын толықтырады. Жұмыс дәптері
           оқушының сабақтағы жеке өздік жұмысын ұйымдастыруға
           мүмкіндік береді. Алайда сыныпта жұмыс дәптерімен жұ-
           мысты басқаларына қарағанда кеш бастайтын білім алушы-
           лар да болады. Оларға жұмысты дайын болған уақыттан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бас тауға мүмкіндік беру керек.
             Білім алушылар жазба жұмыстар (бойымен жүргізу, бояу,
           штрихтау) жұмыс дәптерінде ғана орындалатынын түсінуге
           міндетті. Оқулықпен жұмыста қарындашты және қаламды
           пайдалануға рұқсат берілмейді.

                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14