Page 17 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 17
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
бақылау белгілі тарауды, бағдарламалық тақырыпты өтіп
аяқтағаннан кейін нәтиже сабақ барысында жүргізіледі.
Қорытынды бақылау тоқсан, оқу жылы соңында жүргізіледі.
Мұғалім оқу жылы бойы міндетті түрде сыныптағы оқушы-
лардың әрқайсысының даму динамикасы мен жетістіктеріне
талдау жасап отырады. Бағалау процедурасы кезінде
алған ақпарат мұғалімге дағдылар мен біліктілікті меңгеру
үдерісінде пайда болған қиыншылықтарды уақытында
және дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыға
көрсететін жеке көмектің мазмұны мен тәсілдерін анықтауға
мүмкіндік алады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Сипаттамалық бағалау оқушының нақты даму және білім
деңгейін анықтаумен қатар әрі қарай жүргізілетін жұмысты
болжауды көздейді. Сипаттамалық бағалаудың дәл болуы
оқушыларда сәйкес өз-өзін бағалауды қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен
салыстыруға болмайды. Оқушының жетістіктерін тек өзінің
алдыңғы жетіктістіктерімен салыстыруға болады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
15