Page 12 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 12

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           жаңа белгілі бір ойды білдіреді. Белгілі бір ойды білдіретін
           сөйлем құрамындағы сөздер (әрине, жай сөздер келе-келе
           күрделене түседі) жеке-дара сөздермен салыстырғанда тез
           меңгеруге, ұғынуға, ойда сақтауға әлдеқайда жеңіл болып
           келеді. Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың
           формалары мен мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені
           анықтауда дидактикалық  қағидаларды  басшылыққа алады.
           «Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы «қарым-
           қатынас»,  «араласу»,  «хабарласу»,  «байланыс»  деген
           сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы
           сөйлесу үдерісін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-
           қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. Осыған байла-
           нысты  коммуникативтік  әдістің  негізгі  мақсаты  –  сөйлеу
           әрекетінің  түрлерін  (айтылым,  тыңдалым,  оқылым,  жа-
           зылым)  меңгерте  білу.  Тілді  үйретуде  коммуникативтік
           әдіссіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез келген
           ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу
           мүмкін емес. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт
           өкілдеріне меңгертуде дүниежүзінің әдістеме ғылымында
           үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізіп  жүрген  коммуникативтік
           бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі.
              Коммуникативтік әдісті пайдаланудың тиімді жолы – оның
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           тіке байланысқа негізделіп, тілді адамдардың тікелей қарым-
           қатынасы арқылы үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда
           үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз
           кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни тікелей қатынас бол-
           маса,  сөйлесім  әрекеті  де  іске  аспайды.  Тілді  үйретуге
           байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған
           қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай,
           оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен
           қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей алға қойған
           мақсатқа жету мүмкін емес. Оқыту мен дамыту арасында
           тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті

 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17