Page 7 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 7

special.edu.kz.
 special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.        ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
           ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ


             Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
           жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған сынып-
           тар (оқыту қазақ тілінде емес) үшін «Қазақ тілі» пәнінен
           жаңартылған  үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұнына
           сәйкес. Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі оқу материалдары
           зерде бұзылыстары бар балаларға арналған қазақ тілін
           оқытудың арнайы әдістемесіне сәйкес оқушыларға қазақ
           тілін түсінуге, сөйлеуге, танымдық үдерістерін дамытуға
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           жағдай тудырады. Өзге тілді, нақты айтқанда, қазақ тілін
           меңгеру зерде бұзылыстары бар балалар үшін күрделі үдеріс.
           Сондықтан оқулық пен жұмыс дәптерінің басты міндеті – зер-
           де  бұзылыстары бар балаларға оң әсермен қабылдайтындай
           материалдарды ұсыну. Сабақта өтілгенде күрделі болады-ау
           деген тақырыптарға тірек ретінде қосымша суреттер берілсе,
           ол оқушының зейінін аударып, қызығушылығын тудырады.
           Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалар мен
           мәтіндерді мұғалім түсіндіреді,  ал тапсырмалардың толық
           және деңгейленіп беруі ата-аналарға балаларды оқытуға
           көмектесуге мүмкіндік береді. Қазақ тілін меңгерту, оған деген
           қызығушылықты тудыру  үшін   дамуында ерекшеліктері бар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           балалардың қабылдау, зейін қою, есте сақтау, ойлау секілді
           танымдық қабілеттерін қатар дамыту өте маңызды болады.
             Оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі суреттердің көпшілігі
           ортақ тақырыптың, сабақ тақырыбының қандай да бір тап-
           сырмасына бағыныңқы. Олар баланың қабылдауына жеңіл
           әрі көрнекі түрде берілген, зейінді дамытуға, балада талдау
           жасау қабілетін оятуға ықпал етуге көмектеседі. Оқулық пен
           жұмыс дәптерінде мәтіндер, өлеңдер, диалогтер, әртүрлі
           жаттығулар берілген, бұлардың барлығын бала меңгермеуі
           де мүмкін, алайда материалдардың жеткілікті көлемде болуы
           мұғалімге сабақты шығармашылықпен өткізуіне көмектеседі.
           Кейбір материалдар, суреттер мұғалімге тақырыптық-көрі-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12