Page 6 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 6
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
алдымызда отырған оқушылардың Отанының қасиетін
сезініп, оның алдындағы жауапкершілігін ұғынуға тәрбиелеу.
Тілді үйретудің басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе
білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта қарастырылып
отырған тақырып аясында тілдесе білуден басталып, кез кел-
ген ортада пікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы
әртүрлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп,
басты түйінге айналуға міндетті. Барлық жұмыс түрлері тілдік
материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен емес,
олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұрыптап
ала білумен, сөйлеу материалын танумен, оларды дұрыс
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен
де ерекшеленеді.
Сонымен, қазіргі таңда әр мұғалім тиімді әдістерді тауып
пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге
сүйеніп отыру керек екендігін түсінуге міндетті. Ұлы ғалым
Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Жақсы мұғалім де-
ген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана
білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар бірнеше
әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзіне қажетті әдісті
тауып пайдалана білуі керек».
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4