Page 9 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 9
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күрделілігін
баланың әртүрлі әрекеттердегі жетістіктерін бақылау
негізінде таңдайды. Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың
күрделілігін 1-деңгейден 3-деңгейге дейін біртіндеп
дәйектілікпен арттырады. Алайда мұғалім күрделіліктің
барлық деңгейінің әр оқушы үшін қолжетімді болмауы мүмкін
екенін есте сақтауға міндетті. Оқушы өзінің мүмкіндігіне
сәйкес оқу материалымен, мысалы, күрделілігі 1-деңгейдегі
материалмен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
Оқушы мәтінде өзіне берілген деңгейдегі тапсырмаға
қол жеткізсе, онда мұғалім ол оқушыны келесі деңгейлік
special.edu.kz. special.edu.kz.
тапсырмаға көшіріп отырады.
Сондай-ақ оқулықта өтілген сабақты бекіту мақсатында
берілген диалогтік сөйлеуге арналған тапсырмалар бар.
Бастапқыда мұғалім баламен диалогке түссе, кейіннен
балалардың өзара сөйлесуіне жағдай тудыруға болады.
Балаларды сөйлеуге қызықтырып, ойын түрінде өткізген
тиімді болады. Бала жиі сөйлегенде ғана оның тілі жаттығып,
сөйлеуге машықтана бастайды. Балаларды сөйлеуге ынта-
ландыратындай өмірлік жағдаяттарды ұйымдастыру тиімді
болады. Диалогтік сөйлеу кезінде иллюстрацияларды,
суреттерді, сызбаларды пайдалануға болады.
Жұмыс дәптері оқулықтың және оқушылардың әрбір
special.edu.kz. special.edu.kz.
сабақта орындайтын заттық-практикалық әрекеттерінің
мазмұнын толықтырады. Жұмыс дәптері оқушының
сабақтағы жеке өздік жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Жұмыс дәптерімен жұмыс барысында оқушының
зейінін қалыптастыру, талдау және жинақтау әрекетіне,
салыстыруға, көрнекілікті үйлестіруге, өзін-өзі бақылауды
дамытуға жағдай жасалады.
Жұмыс дәптерінде қазақ әліпбиінің әріптерін, сөз, сөйлем,
шағын мәтінді жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған
тапсырмалар берілген. Алғашқыда тапсырмалар үлгі, сөздік
нұсқаулар арқылы орындалса, кейіннен тапсырманы оқу
special.edu.kz. special.edu.kz.
7