Page 11 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 11

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ
               6-СЫНЫБЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ  БҰЗЫЛЫСТАРЫ
                  БАР БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ
                     ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


             Арнайы  білім  беру  мектептерінде  қазақ  тілін  оқыту
           мұғалімнің  сабаққа  аса  жауапкершілікпен  қарап,  шығар-
           машылықпен өткізуін талап етеді. Сонымен қатар мұғалім
           сыныптағы әрбір оқушыны, олардың материалды қабылдау
           және есінде сақтау қабілеттерінің дәрежесін білуге жағдай
           жасайды. Оқушының психологиясын білмей тұрып қазақ тілі
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану
           мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке
           басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму үдерісін,
           жалпы дамуын есепке алмайынша мақсатқа жете алмайды.
           Орыс тілді балаларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат –
           сөйлей  білуге,  өз  ойын  айта  білуге,  жаза  білуге  үйрету
           дейтін  болсақ,  коммуникативтік  қарым-қатынас  бірінші
           орында  тұрады,  ал  грамматика  екінші  орында  тұрады.
           Осыған байланысты қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдісі
           мен қазақ тілін қазақ мектебінде оқыту әдісі бірдей болып
           келмейді.  Олардың  арасында  елеулі  ерекшеліктер  бар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           Қазақ тілін орыс тілді балаларға  игертуде коммуникативтік
           қарым-қатынас бірінші орында тұратындықтан, оқулықтағы
           үйрету материалдары, жаттығу тапсырмалары, тіл дамыту
           тәжірибе  жұмыстары  болсын,  барлығы  қазақша  сөйлей
           білуге дағдыландыруға бағытталуға тиісті. Сондықтан қазақ
           тілін оқыту барысында жоғары сыныптарда жеке сөз жаттату
           емес, сөйлем құрау арқылы үйрету де тиімді тәсілдердің бірі
           болып табылады. Жеке сөздер мен грамматикалық форма-
           ларын жалаң түрде жаттау арқылы өзге тілді үйрету мүмкін
           емес, сондықтан сөйлем түрінде үйретуге тиістіміз. Өйткені
           сөздер өзара байланысқа түсіп, сөйлем құрамына енгенде,

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16