Page 15 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 15

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, сабақта,
           сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу үдерісінде  оқушының
           білімді  өздігінен  меңгеруіне,  өзіне  деген  сенімділігін
           арттыруға, әртүрлі өмір жағдаяттарына дұрыс жол таба-
           тындай қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағытталатын
           жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні соншалықты үлкен.
             Оқыту  орыс  тілінде  жүретін  арнайы  мектепте  қазақ
           тілін  оқытудың  негізгі  шартының  бірі  мұғалімнің  сөйлеу
           мен оқу мәнері болып табылады. Мұғалімнің қазақ тілінде
           сөйлеуі  анық,  түсінікті,  фонетикалық,  лексикалық  және
           грамматикалық жағынан қатесіз болуы тиіс. Арнайы мек-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           тепте мәтіннің бірінші рет оқылуына ерекше көңіл бөлінеді.
           Өйткені  мәтінді  алғашқы  қабылдауы  оның  мағынасын
           түсінуіне үлкен  әсер етеді. Егерде оқушы алғашқыда мате-
           риалды дұрыс түсінбесе, ол кейін материалды еске түсіру
           кезінде дәл осы қатесін ұзақ уақыт қайталап отырады. Осы
           ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы мектепте мәтінді
           бірінші рет міндетті түрде мұғалім өзі оқуы керек. Бірінші
           рет  оқығаннан  кейін  мұғалім  екі-үш  сұрақ  қою  арқылы
           оқушылардың мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгенін
           анықтайды. Содан кейін мұғалім мәтінді екінші рет оқиды,
           оқушылар кітапқа қарап аңдап отырады. Қайталап оқу бары-
           сында оқу жылдамдығын баяулату керек, себебі оқушылар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           кітапқа қарап аңдап үлгеруімен қатар сөздің айтылуының
           мәнерлілігіне, ырғағына назар аударулары керек.
             Орыс тілінде оқитын зерде бұзылыстары бар балалар
           жиі жағдайда сөйлемді нақты, айшықты және бейнелі түрде
           құруға қиналады. Бұл қиындықтар белгілі бір нысанды сипат-
           тап салыстырғанда да, жазбаша тапсырманы орындағанда
           да кездеседі. Баланың сөздік қорының кедейлігі белгілі бір
           қиындықтарды тудырады. Мұғалімнің басты міндеттерінің
           бірі – ол оқушының сөздік қорын байыту.
             Қазақ  тіліне  үйретуді    күнделікті  күн  тәртібін  орын-
           дау  кезінде  (серуен,  кезекшілік,  ойын)  жетілдіру  тиімді.

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20