Page 16 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 16
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сонымен қатар қазақ тілде сөйлеу дағдыларын тіл
материалының меңгерген көлемінде әртүрлі мерекелік
шараларда, теледидар бағдарламаларын, фильмдер көру,
радио бағдарламаларын тыңдау арқылы белсендіріледі.
Орыс тілінде оқитын зерде бұзылыстары бар балалар-
ды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жұмысы мүмкін болған
жағдайдың барлығында жүре береді. Мысалы, балалар-
мен серуенге шыққанда, демалыс уақыттарында қазақтың
төл дыбыстары кездесетін жаңылтпаштарды ойын түрінде
айтқызу да оң әсер береді. Жаңылтпаш – қазақ халқының
балалардың тілін жаттықтыруға арналған бұрыннан келе
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жатқан тәсілі. Жаңылтпашты жылдам әрі дұрыс айтқан
оқушының тілі де дыбысты айту мәнері де тез қалыптасады.
Сынып жоғарылаған сайын берілетін жаңылтпаштардың
көлемі де, мағыналық сипаты да, сөздерінің күрделілігі де
арта түседі.
Бағдарламада қазақ тілін оқу барысында оқушылардың
меңгеретін негізгі білік, дағдылары анықталған. Оқушы-
лардың білімі мен дағдылары әңгімелесу, ауызша және
жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы тексеріледі.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалардың жетістіктерін ба-
ғалау бағалаудың тек ішкі құралдары арқылы іске асыры-
лады. Оқу бағдарламасын меңгеру нәтижелерін мұғалім
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сабақ барысында бағалайды. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
балаларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымды (са-
бақтық), мерзімді (тақырыптық) және қорытынды бақылау
түрінде іске асады.
Ағымды бақылау сабақ үстінде оқушылардың әрекетін,
практикалық және өздік жұмыстарын, әрекеттің ұжымдық
түрлерін бақылау арқылы жүргізіледі. Оқу үдерісінің сапасын
қамтамасыз ету үшін мұғалім қолданатын оқыту әдістері мен
мазмұнын түзету мақсатымен сабақтық бақылау жүргізіледі.
Оқушыларға қатысты бұл бақылау ынталандырушы және
тәрбиелеуші фактор ретінде қарастырылады. Мерзімді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
14