Page 14 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 14

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           үлес қосады. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына
           кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің
           басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу,
           ұйымдастыру.  Оқыту  құралдары  –  білім  алу,  дағды,
           икемділіктерді қалыптастыру көзі. Олар: көрнекі құралдар,
           оқулық, жұмыс дәптері, дидактикалық материалдар, кесте-
           лер, әртүрлі нақты нысандар және т.б.
              Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі
           құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.
           Мысалы, қазақ тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдын-
           да  оқушыларға  жаңа  сөздердің  мағынасы  түсіндіріледі.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа
           көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды
           түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру
           әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ
           бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де
           қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
              – сұрақтарды нақты және анық тұжырымдау;
              – себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
              –  салыстыру,  қатар  қою,  ұқсату,  жарқын  мысалдар
           қолдану;
              – жүйелілік.
              Түсіндіру  оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобы-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           мен жұмыста кең қолданылады.
              Әңгімелесу – оқытудың диалогтік әдісі, мұғалім оқушы-
           лардан оқу материалын ауызша баяндауды талап етеді. Бұл
           әдіс мектепте оқу кезеңдерінің барлығында қолданылады.
           Әңгімелесу тәсілінің көмегімен оқушылардың бұрын оқыл-
           ған материалдарды қалай меңгергенін тексереді.
              Әңгімелесу – дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ
           шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Со-
           крат әдісі деп те атайды. Білім мазмұнында оқушының өздік
           ойлау  қабілеттерін,  жеке  көзқарастарын  дамытуға  тірек
           болар негізгі өзекті тауып, барлық ұғым-түсініктерді соған

 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19