Page 10 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 10

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           арқылы орындалады. Жұмыс дәптерінде қазақ тілінің төл
           әріптері бар сөздерді жазу, жазылған сөздерді оқу, берілген
           сөздерді,  сөйлемдерді  жұмыс  дәптеріне  жазып,  оларға
           дыбыстық,  буындық  талдау  жасау,  сондай-ақ  оқулықта,
           жұмыс дәптерінде берілген үлгілер бойынша сөз, сөйлем
           құрастыру,  оқушылардың  даму  мүмкіндіктеріне  сәйкес
           сөздік диктант жазу тапсырмалары қарастырылады. Жұмыс
           дәптеріндегі тапсырмалардың көмегімен әрбір оқушының
           оқу үдерісін меңгерудегі табысын бекіту, сабақ уақытында
           білім мен дағдыны бақылау жүзеге асады.
              Әдістемелік құралда оқулықпен және жұмыс дәптерімен
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           жұмыс  жүргізу  ерекшеліктеріне  тоқталып,  мұғалім  үшін
           күнтізбелік  жоспардың,  ортақ  тақырыптардың  техноло-
           гиялық карталарының, оқу мақсаттары бойынша күтілетін
           нәтижелердің, оқушылардың оқу жетістіктерінің картасы-
           ның және сабақтардың ақпараттық карталарының үлгілері
           берілген.  «Жетістіктер»  бағанында  оқушының  біліміне
           сәйкес  келетін  шартты  белгі  қойылады:  меңгерді  «+»,
           меңгерген жоқ «–», жартылай меңгерді «0». Баған күнтіз-
           белік жоспарда қарастырылған тақырыпты өткеннен соң,
           қайталау және жалпылау сабағынан кейін толтырылады.
           Алынған  мәліметтер  негізінде  мұғалім  әрбір  оқушының
           меңгере алмаған тұстары бойынша қорытынды жасайды
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           және онымен жеке жұмыс жасау жоспарын құрады. Мұға-
           лімге жеке карталардың негізінде қазақ тілі пәні бойынша
           сынып үлгерімінің мониторингін жүргізу ұсынылады. Оның
           көмегімен мұғалім оқушылардың қай тақырыптарды жет-
           кілікті түрде меңгермегенін, өзінің жіберген ағаттықтарын
           анықтап  алады  және  осы  кемшіліктерді  жою  бойынша
           жоспарды құра алады.








 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15