Page 8 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ністік немесе рөлдік ойындар ұйымдастыруға бағдар береді.
Оқыту үдерісіне ойын элементтерін енгізу зерде даму
бұзылыстары бар балалар үшін сабақтарды қызықты, тар-
тымды етуге көмектеседі. Оқулықтағы мәтіндердің көлемі
бағдарлама талабынан үлкен болуы да мүмкін. Бұл жерде
мұғалім оқытуға баланың даму, қабылдау мүмкіндігіне қарай
мәтінді тұтас бермей, мәтіннен үзінділерді ғана беруіне
болады.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
деңгейі бойынша бірдей емес. Түрлі түсті дөңгелектер
күрделілік деңгейлерінің шартты белгілері ретінде пайда-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ланылған.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді. Сөздерді, сөз тіркестерін, жеңіл мәтіндерді түсініп
оқу, мұғалімнің, сыныптастарының айтқандарын тыңдау,
түсіну, ол атаған зат пен нысанның суретін немесе сюжеттік
суретті көрсету және атау талап етіледі. Бірнеше сөзбен өз
пікірін айта алады. Қойылған сұраққа қысқаша жауап беруіне
болады.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін, яғни оқушының оқулықтың материалдарының
өзара қатынасын түсінуін және мұғалімнің айтқанын
қайталай отырып үйретілген айтылымдарды өз сөйлеу
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тілінде пайдалана білуін, оқуын білдіреді. Қойылған
сұрақтардың мағынасын түсініп, қысқаша жауап бере алады.
Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің үшінші
деңгейін, яғни мәтінді оқу және иллюстрацияларда бей-
неленген нысандарды атау, олардың арасындағы себеп-
салдарлық байланысты түсіну, заттар мен нысандардың
қасиеттерін талдау, салыстыруды және тұжырымдау
әрекеттерін орындағанда белгілі бір дербестікті білдіреді.
Кітаптағы иллюстрациялар бойынша шағын әңгіме құруға
талпынады. Тапсырмаға қатысты өз пікірін айта алады.
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
6