Page 5 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 5

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.









                                      КІРІСПЕ

             Қазақ тiлi – өздік сөздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ
           тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚
           ұлттық тiл деңгейiне көтерiлген қазақ халқының ұлттық тiлi‚
           Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi. Мемлекеттік
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           тіл – қазақ тілін өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі сала-
           ларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің өзекті
           де келелі мәселесі. Сондықтан да орыс тілді мектептерде
           қазақ тілін  жүйелі оқыту үдерісін қалыптастыру бүгінгі күннің
           басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың
           тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру
           әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына бай-
           ланысты.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептердегі  қазақ
           тілі  пәні  мұғалімдерінің  мақсаты  –  қарапайым  түрде
           күнделікті тұрмысқа, оқуға қатысты тақырыптар мөлшерінде
           оқушылардың ауызекі сөйлесу, түсіну, өз ойын қазақ тілінде
           жеткізе білу дағдыларын дамыту және әлеуметтік ортада
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           өзін еркін сезінуге көмектесу. Қазақ тілін оқыту арқылы біз
           білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін
           жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шы-
           найы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге  міндеттіміз.
             Оқушылар қазақ тілін оқу барысында  оқылым, жазылым,
           тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып
           еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын
           білдіруге, өз ойын жеткізуге дағдыланады. Қазақ тілінде
           берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып
           өзіне қажетті мәліметті ала алады.
             Бүгін  біздің  алдымызда  тұрған  мақсат  –  орыс  тілді
           оқушыларды қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10