Page 13 - Методика КАЗАК ТIЛI 6-сынып ЯЗ-2
P. 13

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
           түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар
           орнын анықтаған – көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол
           дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек
           үдеріс  деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш
           рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы
           жайлы ілім ұсынды:
             – бала дамуының жақын аймағы;
             – баланың тек ересектердің көмегі арқылы атқара алатын
           істері;
             – бала дамуының қол жеткен аймағы;
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             – баланың  ересектердің  көмегінсіз істей алатын істері.
           Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге
           асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара
           қызметтесе отырып оны игерген кезде дамуға өріс ашы-
           лады. Л. С. Выготский оқыту мен дамудың байланысын
           зерттей келе: «Егер оқыту баланың өзекті даму аймағында
           жүрсе, онда ол баланы дамытпайды», – деді. Өзекті даму
           аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал
           ересектермен ынтымақтаса істей алатыны – жақын даму
           аймағы.  Мысалы,  баланың  сөйлей  алуы  –  өзекті    даму
           аймағы. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен
           бастап «жақын даму аймағында», дәлірек айтсақ, баланың
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек.
             Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған
           міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың
           бірлесіп  жұмыс  істеу  үшін  қолданатын  тәсілдері.  Оқыту
           әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-
           ойын  дамытады,  ізденуге,  жаңа  білімді  түсінуге  ықпал
           етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық
           жұмыстары. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды ха-
           барлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың
           мұғалім  көрсеткен  іс-қимылдарды  қайталауы,  ақыл-ой
           жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18