Page 17 - 7.2.3
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
дықтың, оқу жылының соңында оқушылардың жетістіктерін
сипаттамалық бағалауды жеңіл жүргізеді, бұл зерде
бұзылысы бар оқушыларды оқытуды жекешелендіру негізі
болып табылады.
Бір сыныптағы зерде бұзылыстары бар оқушылардың
special-edu.kz. special-edu.kz.
жетістіктері бірдей болмайды. Бірінші типологиялық топтың
оқушылары (В. В. Воронкова бойынша) күрделіліктің жоғары
деңгейі (білімді қолдану) бойынша дағдыларды меңгеруі
мүмкін. Екінші типологиялық топтың оқушылары күрделіліктің
орташа деңгейіндегі білім мен дағдыларды (түсінеді)
меңгереді, ал үшінші типологиялық топтың балалары
күрделіліктің төменгі деңгейіндегі білім мен дағдыларды
(тану) үйренеді. Аталған типологиялық топтарға жататын
оқушылар бірыңғай бағдарламаға, бірыңғай күнтізбелік
жоспарға сай бір тақырып аясында жұмыс жасайды. Жетістік
деңгейлері және мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасау
тәсілдері әртүрлі болады. Төртінші типологиялық топқа
special-edu.kz. special-edu.kz.
жататын оқушылар, негізінен, жеке бағдарлама бойынша
өз жетістіктері айқындалған қарапайым оқу материалы
аясында білім алады.
Оқушының кез келген жетістігі (қаншалықты аз болғанына
қарамастан) жағымды нәтиже ретінде қарастырылуы тиіс.
special-edu.kz. special-edu.kz.
15