Page 13 - 7.2.3
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
терді жағдаяттық тұрмыстық есептерді шешу кезінде есеп-
теу үшін пайдалана білуге мүмкіндік беретін дүкенге экс-
курсиялар жасаған пайдалы.
«Көрнекілік геометрияның элементтері» тарауында оқыл-
ған ұғымдар мен дағдыларды: кесіндіні, бұрыш түрлерін,
special-edu.kz. special-edu.kz.
үшбұрыштар топтамасын, дөңгелекті, шеңберді, центрін,
радиусын, диаметрін, хордасын, доғасын, шаршыны және
тік төртбұрышты, олардың периметрлерін үздіксіз
қайталауды ұйымдастыру қарастырылады.
Бар дағдылар негізінде бұрыштардың градустық өлшемі,
тік, сүйір, доғал, жазық, толық бұрыштардың өлшемдері,
транспортирдің көмегімен бұрыштарды салу және өлшеу,
сыбайлас бұрыштар, сыбайлас бұрыштардың қосындысы,
үшбұрыш бұрыштарының қосындысы, қабырғаларының
ұзындықтары мен олардың арасындағы бұрыштың градус-
тық өлшемі, бір қабырғасының ұзындығы мен екі бұрыштың
градустық өлшемдері берілген үшбұрыштарды сызу, сектор,
special-edu.kz. special-edu.kz.
сегмент, ромб, параллелограмм, ромб бен параллелограм-
ның периметрі туралы ұғымдар енгізіледі. Симметрияның
осіне, центріне қатысты симметриялық деректерді, нүктені,
шеңберді, кесіндіні сызу орындалады.
7-сыныпта оқушылар жай және ондық бөлшектер тарау-
ларының білімі мен дағдыларын бекіте түседі. Осы тарау-
ларды оқу оқушылардың тұтас тарауды меңгеруге қатыс-
ты практикалық тәжірибесіне негізделеді. 7-сыныпта 5 және
6-сыныптарда оқылған материал қайталанады, сонымен
қатар бүтін немесе аралас санды бұрыс бөлшекпен ал-
мастыру, ондық бөлшектерді бірдей санға көбейту мен бөлу,
санның үлесін табу қарастырылады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Осылайша әр тарау бойынша оқу материалын оқуды
ұйымдастыру бұрын оқыған оқу материалына негізделеді,
оған бағдарламаның шоғырланған құрылымы мүмкіндік
береді. Оқыған материалды үздіксіз қайталау және «алға
озу» жаңа материалды жақсы меңгеруге жағдай жасайды.
11