Page 10 - 7.2.3
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Көптаңбалы сандар элементтердің көп санын қамтыған
жиынтық сипаттамасы болып табылады, оларды сабақ ба-
рысында нақтылау қиындық туындатады. Мүмкіндік болса,
мұғалім ірі бірліктермен есеп жүргізілетін өмірлік жағдай-
ларды негізге алуы тиіс. Мысалы, тұрмыстық тауарларды, ки-
special-edu.kz. special-edu.kz.
імді, аяқкиімді сатып алу. Дүкенге барған кезде оқушылар тұр-
мысқа қажетті тауарлардың және азық-түліктің бағалары көр-
сетілген анықтамалық кесте құрады, сол себепті де дүкенге
экскурсияға бару пайдалы. Абактың, разрядтық кестелердің,
разрядтық сандар көрсетілген кестелердің көмегімен сан-
дардың жазылуын және олардың ондық құрамын көрсету
ыңғайлы. Бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдық бірліктер,
мыңдық жүздіктер жазылған кесте құру пайдалы. Осы кес-
теде сандарды салыстыру бойынша жаттығуларды орындап,
олардың жазылуын талдауға мүмкіндік береді.
7-сыныпта оқушыларға сандар кластары туралы тү-
сінік беріледі. Оқушыларға сандарды оқу және жазу
special-edu.kz. special-edu.kz.
ыңғайлылығы үшін алғашқы үш разрядтың (бірліктер, ондық-
тар, жүздіктер) класқа біріктірілгені туралы айтылады. Бұл
класс бірліктер класы деп аталады. Ол – бірінші класс.
Одан кейінгі үш разряд: бірліктер, ондықтар, жүздіктер, бірақ
олардың атауларына мыңдықтар класының атауы қосылады:
мыңдық бірліктер, мыңдық ондықтар, мыңдық жүздіктер. Бұл
класс екінші орында тұрады және екінші класс деп аталады.
Бірінші класс үш разрядқа ие: бірліктер, ондықтар, жүздіктер.
Екінші кластың да үш разряды бар: мыңдық бірліктер,
мыңдық ондықтар, мыңдық жүздіктер. Оқушыларға кластар
мен разрядтар кестесі көрсетіледі. Олар оны дәптерлеріне
сызып, талдайтын және салыстыратын сандарын қосады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқушыларға сандардың кластарына бағыт ұстай отырып, көп-
таңбалы сандарды оқу үйретіледі. Бірінші екінші разрядтың
сандары, кейін бірінші кластың сандары оқылады.
100 000 көлемінде қосу мен азайтудың арифметикалық
амалдарын зерттеу барысында ауызша есептеу тәсілдері
8