Page 7 - 7.2.3
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқулық пен жұмыс дәптері жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларға математиканы оқытудың жаңа мазмұндағы
типтік оқу бағдарламасының мазмұнына сай келетін оқу
special-edu.kz. special-edu.kz.
материалын қамтиды.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі оқу материалы жеңіл ақыл-
ой кемістігі бар оқушыларға математиканы оқытудың арнайы
әдістемесіне сай оқушыларға ұсыну логикасы бойынша
орналасқан. Оқулықтың парағы бір сабақтың материалын
қамтымайды. Оқулықта, логикаға сай, қарапайымнан күрде-
ліге қарай орналастырылған есептер мен жаттығулар
топтамасы арқылы тақырып ашылады. Мұғалім сыныптағы
оқушылардың мүмкіндіктеріне сай келетін есептерді әр сабақ
үшін өзбетімен таңдайды. Сонымен қатар, мұғалім сынып
оқушыларының мүмкіндіктерін мейлінше толық ескеріп, әр
тақырып бойынша есеп пен жаттығу дайындап, оларды
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі есептердің орнына
немесе солармен бірге пайдалана алады.
Оқулық пен жұмыс дәптерінің тапсырмалары күрделілік
деңгейі бойынша бірдей емес. Есептің күрделілік деңгейін
анықтау үшін әртүрлі түсті кіші шеңберлер пайдаланылған.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің төменгі деңгейін білдіреді, ол
оқу материалын тану деңгейіне сай келеді.
Оқу материалы қиындығының келесі деңгейі сары түс-
пен бейнеленген, ол математикалық қатынастарды, термино-
логияны, математикалық ұғымдардың қасиеттері мен бай-
ланыстарын оқушылардың түсінетінін меңзейді.
Күрделіліктің жоғары деңгейі қызыл түспен берілген, ол
special-edu.kz. special-edu.kz.
алынған білімді өзгертілген оқу немесе өмір жағдайында
пайдалану мүмкіндігін болжайды. Оқушыға арналған есептің
қиындығын оның табысы мен көмекті қабылдау мүмкіндігін
бақылау негізінде мұғалім таңдайды. Мұғалім оқушы тапсыр-
масының қиындығын баяу және сатылы түрде төменнен
5