Page 6 - 7.2.3
P. 6
special-edu.kz.
special-edu.kz.
бақылап, білім мен дағдыны меңгерудің жеке мүмкіндіктері
мен тәсілдерін, еркіндіктің қолжетімді деңгейін зерттеуі тиіс.
Білім беру үдерісін толыққанды ұйымдастыру үшін
баспа негіздегі оқулық пен жұмыс дәптері секілді оқу құрал-
дары ерекше маңызға ие. Мұғалім бір сыныптың оқушы-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ларының нақты математикалық материалды меңгеруге
қатысты әртүрлі мүмкіндіктерін ескере отырып, оқулық пен
жұмыс дәптерін пайдалануда икемділік танытуы тиіс.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың математикалық
түсінікті қалыптастыруға, заңдылықтар мен ережелерді
меңгеруге қажетті жинақтау және абстракциялау қабілеттері
төмен. Жетінші сыныпта көрнекілік құралдарын пайдалану,
әсіресе жаңа түсініктерді, математикалық қатынастарды
енгізу кезінде өзекті. Қажет болған жағдайда оқушылардың
практикалық қызметі де ұйымдастырылады. Математикалық
материал күнделікті жағдайлармен тығыз байланыста
зерттелуі тиіс, ол үшін оқушылардың өмірлік тәжірибесін
special-edu.kz. special-edu.kz.
үнемі молайтып отыру маңызды. Экскурсия сабақтары,
практикалық жұмыстар, математиканың интеграцияланған
сабақтары, мысалы, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы
сабақтармен интеграциясы пайдалы.
Әдістемелік нұсқаулықта зерде бұзылыстары бар оқушы-
ларға математиканы оқыту үдерісін жобалауға қатысты
ұсыныстар қамтылған, оның құрылымында: болжамдық
тақырыптық жоспарлау, деңгейлік мақсаттық тұжырымдар,
оқу тақырыптарының технологиялық карталары, әр тақы-
рып бойынша бақылау есептерінің үлгісі, әр оқушының
материалды меңгеру деңгейін тіркеу үшін оқу жетістіктері
карталарының түрі, сабақтың ақпараттық кар тасының үлгісі
берілген.
special-edu.kz. special-edu.kz.
4