Page 5 - 7.2.3
P. 5

special-edu.kz.
 special-edu.kz.










                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                       КІРІСПЕ

             Оқу-әдістемелік  кешен  (ОӘК)  Типтік  оқу  жоспарына
           және жеңіл деңгейде зерде бұзылыстары бар оқушыларға
           математиканы оқытудың жаңа мазмұндағы бағдарламасына
           сай дайындалды.
             ОӘК  оқулықты,  оқушының  жұмыс  дәптерін  және  осы
           әдістемелік нұсқаулықты қамтиды. Оқу-әдістемелік кешенінің
           мазмұны келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:
             1) тұрмыстық жағдайларда еркіндік танытып, шаруашы-
           лық-еңбек қызметін және қолжетімді мамандықты меңгеруге
           мүмкіндік беретін математикалық білімді, дағдыны және
           білікті оқушыларда қалыптастыру;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             2) танымдық қызметтің кемшіліктерінің орнын толтырып,
           оқушылардың жағымды эмоционалды-еріктік және тұлғалық
           қабілеттерін қалыптастыру;
             3)  оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамыту,  оны  арнайы
           математикалық терминдермен, сөйленістермен толықтыру,
           өз қызметіне түсінік беруді үйрету; есептің шешімі, геометрия-
           лық құрылымдардың салынуы және өзге де практикалық
           жұмыстар туралы толық ауызша есеп беруге баулу;
             4)  оқушылардың  көрнекілік-әрекеттік  және  көрнекілік-
           бейнелік ойлау дағдыларын, ойлау операцияларын (талдау,
           салыстыру, жинақтау, топтау) дамыту;
             5)  сабаққа  деген  қызығушылықты,  сыныптастарымен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           және ересектермен қарым-қатынас орнату білігін арттыру.
             Зерде бұзылысы бар оқушылар танымдық қабілеттері мен
           оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері бойынша бір-бірінен
           айтарлықтай  деңгейде  ерекшеленеді.  Мұғалім  сабақта
           және сабақтан тыс уақытта оқушылардың әрекеттерін үнемі

                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10