Page 8 - 7.2.3
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           жоғары деңгейге өзгертеді. Мұғалім әр оқушымен таяу даму
           аймағында жұмыс жасайды, оны мұғалімнің көмегін қабылдай
           алу бойынша оқушының білігі анықтайды. Әр оқушы үшін
           күрделіліктің барлық деңгейі қолжетімді болмайтынын мұға-
           лім түсінуі тиіс. Оқушы өз мүмкіндіктері аясында оқу материа-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           лымен жұмыс жасауға құқылы, мысалы, қиындық деңгейі тө-
           мен тапсырмаларды ғана орындайды.
              Оқулық зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін жаңа
           білімнің көзі бола алмайды. Сондықтан оны білімді бекіту
           және білік пен дағдыны қалыптастыру кезінде пайдаланған
           жөн.
              Жұмыс дәптері жеке тақырыптарды, мысалы, жай бөлшек-
           терді немесе геометриялық материалды меңгеру барысында
           оқушы  орындайтын  пәндік-практикалық  қызметті  және
           оқулық  мазмұнын  толықтырады.  Ол  оқушылардың  дағ-
           дыларын қалыптастыру және алған білімді ұмытудың ал-
           дын алу үшін қажетті жаттығу тапсырмаларының сериясын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қамтиды. Жұмыс дәптері оқушының сабақтағы және өзбеті-
           мен дайындалу кезіндегі жеке өзіндік жұмысын ұйымдастыруға
           мүмкіндік береді.
              Тақырыпты, тарауды оқуды аяқтау кезінде жетістік дең-
           гейін  және  жеке  көмектің  көлемін  анықтау  үшін  мұғалім
           оқушының барлық жұмысын талдайды.
              Оқушылардан  дәптердің  барлық  жаттығуларын,  оқу-
           лықтың тапсырмаларын толық орындау талап етілмейді.
           Оқушылар үшін қолжетімді тапсырмалар таңдалады. Оқу-
           шылардың  орнына  жұмыс  дәптерінде  тапсырманы
           орындауға болмайды.
              Тоқсанның  және  оқу  жылының  соңында  баспа  негіз-
           дегі жұмыс дәптері, оқушы дәптерлері, жетістіктердің толты-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           рылған карталары оқушының портфолиосын құрайды. Бұл ма-
           териалдар сабақ барысында әр оқушыға жеке көмек көр-
           сетіп, оқу жылының соңында объективті педагогикалық сипат-
           тама жасауға мүмкіндік береді.


           6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13