Page 9 - 7.2.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                 7-СЫНЫПТАҒЫ ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР
                ОҚУШЫЛАРҒА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ
                   ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

             7-сыныпта оқушылар бағдарламаның келесі тараулары-
           ның оқу материалын меңгереді: нөмірлеу, арифметикалық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           амалдар,  мәтіндік  арифметикалық  есептер,  шамаларды
           өлшеу  кезінде  алынған  сандар  және  оларға  қатысты
           амалдар,  жай  бөлшектер,  ондық  бөлшектер,  көрнекілік
           геометрияның элементтері.
             7-сыныптағы  бағдарламаға  сай  100  000  көлеміндегі
           сандар  оқытылады.  Көптаңбалы  сандарды  нөмірлеу
           зерде  бұзылыстары  бар  оқушыларға  оңай  болмайды.
           Бұл  қиындықтар,  негізінен,  көптаңбалы  санды  нақтылау
           қиындығымен  байланысты.  Аталмыш  тақырыпты  өту
           барысында  пайдаланылатын  көрнекілік  құралдар:  абак,
           шоттар,  кластар  мен  разрядтар  кестесі,  бұлар  шартты
           көрнекілік құралдар болып табылады. Оқушылар шотпен
           жұмыс жасау барысында көптаңбалы сандарды оқу мен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жазу кезінде қиындықтарға тап болады. Сандардың клас-
           тары,  разрядтары  туралы  анық  емес  түсінік  сандарды
           салыстыруды  қиындатады.  Ауызша  және  жазбаша  сан-
           дарды жаттатуға арналған жаттығулар математиканың әр
           сабағының бөлінбес бөлшегіне айналып, ауызша есептеу
           кезінде қолданылуы керек.
             100 000 көлемінде сандардың нумерациясын жаттаудың
           келесі реттілігін сақтаған жөн:
             1)  10,  100,  1  000,  10  000  көлемінде  нумерациясын
           қайталау.
             2) 100 000 көлемінде ондық мыңдықтарды санау. Толық
           ондық мыңдықтарды цифрлармен бейнелеу. Жаңа разряд-
           ты – жүздік мыңдықтарды құру.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             3) Мыңдықтарды ондықтармен және бірліктермен санау.
             4) Толық және толық емес бестаңбалы сандарды құру,
           жазу, оқу.
             5) 100 000 көлемінде жазбаша нөмірлеу.
             6) Сандардың ондық талдануы, сандарды дөңгелектеу.


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14