Page 14 - 7.2.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
7-СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ
ЖОБАСЫН ҚҰРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Осы әдістемелік нұсқаулықтың қосымшаларында мұға-
лімге тақырыптық жоспарлау үлгісі ұсынылады, оны өз
сыныбымен жұмыс жасауды жоспарлау барысында негізге
special-edu.kz. special-edu.kz.
ала алады (1-қосымша). Оқу материалын тоқсандар
бойынша бөлу шартты түрде жүргізілген. Мұғалім сыныбын-
дағы оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу мате-
риалын бір сыныптан екінші сыныпқа (бір тоқсаннан екінші
тоқсанға) ауыстыруға құқылы. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
әр оқушының оқу материалын жеке қарқынмен және қажетті
көлемде меңгеруге қатысты құқығын жүзеге асыру арқылы әр
тақырыпты оқу үшін қажетті сағат санын мұғалім өзбетімен
анықтайды. Келесі тақырыпты оқуға ауысудың негізі ретінде
бағдарламалық материалды меңгерудің бірінші және екінші
типологиялық тобы (В.В. Воронков бойынша) алынады. Оқу
жылының басындағы сабақтар алдыңғы жылы оқылған мате-
special-edu.kz. special-edu.kz.
риалды қайталауға арналады. Төртінші тоқсанда оқу жылы
барысында оқылған материал қайталанып бекітіледі. «Көр-
некілік геометрияның элементтері» тарауының тақырыптарын
мұғалім аптадағы математика сабақтарының бірінің геомет-
рияға арналатынын ескере отырып, жұмыс тақырыптық жос-
парының әр тоқсанына тең бөлінеді. Оның үстіне, аз көлем-
дегі геометриялық материал қайталау және бекіту мақса-
тында математиканың өзге сабақтарына да енгізіледі.
2-қосымшада мұғалім 7-сынып бағдарламасына сай ма-
тематиканы оқыту үдерісі жобасының фрагментін табады,
оның негізінде мұғалім оқушылардың шынайы мүмкіндіктерін
ескере отырып, өз сыныбын оқыту үдерісінің жобасын өзбе-
тімен құрастыра алады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Жобаның құрылымдық бөліктері: мақсаттық тұжырымдар,
оқу тақырыптарының технологиялық карталары, әр тақырып
бойынша бақылау есептерінің үлгісі , төрт типологиялық
топқа жататын оқушыларға қатысты жеке бейімін көрсететін
сабақтың ақпараттық карталары.
12