Page 15 - 7.2.3
P. 15

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             «Мақсаттық тұжырымдар» кестесінде оқушыларға оқу
           бағдарламасының әр тарауын оқытудың күтілетін нәтиже-
           леріне негізделген оқу мақсаттары берілген. Оқу мақсаттары
           (күтілетін нәтижелер) оқу материалы қиындығының үш дең-
           гейіне сай келеді. Мұғалім әр деңгейдің мақсаттарын тізбекті
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           түрде тақырып бойынша сабақтар сериясына қосады, ол
           төменгі деңгейдегі мақсаттардан басталып, жоғары деңгей-
           дегі мақсаттарға ауысады. Дегенмен сыныпта жоғары дең-
           гейлі мақсаттардың кей оқушыларға қолжетімсіздігі туралы
           педагог білуі тиіс. Оқушыларға оқу материалының өзіне
           қажетті деңгейімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру қажет.
             Технологиялық карталар күнтізбелік жоспардың әр та-
           қырыбы бойынша құрастырылады. Онда оқушыларға мате-
           матиканы оқытудың ерекшеліктері (мазмұндық және әдіс-
           темелік) берілген. Әр технологиялық карта мына материал-
           ды қамтиды:
             –  деңгейлік оқу мақсаттары;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             –  қайталауды қажет ететін материал;
             –  геометриялық материалды оқуға қатысты оқу мақсат-
                тары;
             –  математикалық сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың
                мазмұны;
             –  қажет болған жағдайда жаңа қиын оқу материалын үй-
                ренуге дайындық жұмысы («Алға озу») (кез келген та-
                қырыпқа «Алға озуды» ұйымдастыру мүмкін емес);
             –  пәнішілік және пәнаралық байланыстар;
             –  әр тақырып бойынша жабдықтың, дидактикалық құрал-
                дың минималды тізімі.
             Мұғалім өз сыныбының оқушыларының құрамын және өз
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тәжірибесін басшылыққа ала отырып, технологиялық карта-
           лардың мазмұнына кез келген өзгерісті және толықтыруды
           енгізе алады.
             Зерде  бұзылыстары  бар  оқушыларды  сәтті  оқытуды
           оқу  материалын  меңгеру  бойынша  оқушылардың  жеке


                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20