Page 25 - 7.3.1
P. 25

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                  Торғай мен тышқан                                              special-edu.kz.

            Торғай  мен  тышқан  дос  болыпты.  Екеуі  бірігіп  егін
        егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен
        шоқиды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды жинап
        алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді соны
        қайсысы аларын білмей, жанжал басталады. Торғай тұм-
        сығымен шоқып, тышқан тырнағымен осқылап, олар бір-
        бірімен ұзақ төбелеседі.
            Маңайында  ешкім  болмаған  соң,  олар  өздерінің  би-
        леріне барып жүгінбек болады.
            Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол:
            – Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені, тышқан-
        ның күші көп. Ол тырнағымен көп жер жыртып, ұртымен
        бидай септі, – дейді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол:
            – Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егіндегі барлық
        арам шөпті жұлған. Күнде үстінде ұшып, егінді күзетіп
        жүрген, – дейді.
            Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан дала-
        да қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді алып,
        екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да
        разы болып, өз жөндеріне кетеді.



               бітік – қалың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                   1. Ертегіні мазмұнда. Сұраққа жауап бер.
                2. Тышқан мен торғай қандай іспен айналысты?
            3. Олар не үшін дауласты?

                1. Тышқан, торғай билерінің айтқан ойларын мәтіннен оқып бер.
            2. Дауды шешу үшін олар кімге жүгінді?
                1. Ертегіден даудың шешімі табылған тұсты оқы.
            2. Неліктен тышқан мен торғай риза болды?



                                                                                     23
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30