Page 26 - 7.3.1
P. 26
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бұлбұл мен тоқылдақ special-edu.kz.
Баяғыда құс атаулы сайрай білмейді екен. Олар алыс
қаладағы қария туралы естиді. Қария құстарға ән салуды
үйрететін өнер иесі екен. Бір күні тоқылдақ пен бұлбұл
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ән үйрену үшін сол қалаға аттанады.
«Ең айтулы әнші» атануға асыққан тоқылдақ қарияға
бірінші болып жетеді. Сол бойда есікті де қақпастан кіріп
келеді. Амандасу жайына қалып, өктем үнімен бұйыра
сөйлейді:
– Әй, шал! Маған ән салуды үйрет! Тез! Тосып тұруға
уақытым жоқ.
Нағыз әнші әдепті болуы керек қой. Қария сондықтан
оны, әуелі, әдептілікке баулуды жөн көреді. Сөйтіп, тоқыл-
дақты сыртқа шығарып, есік қағуды үйретеді. Тоқылдақ
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қария ән айтуды үйретіп жатыр деп ойлап қалады.
– Түсінікті! Ән деген қиын емес екен ғой! Үйреніп ал-
дым, – деп тоқылдақ кері қарай ұша жөнеледі. Тезірек
барып мынандай өнерімен ормандағы аң-құстарды таң-
ғалдырмақ болады.
Бұлбұл кішкентай қанаттарын баяу қағып, қарияға
кешірек жетеді. Есікті жайлап қағып, сәлемдеседі. Ән са-
луды үйренгісі келетінін айтады.
Қарияға кішкентай құс ұнайды. Оған бар ықыласын
салып, тамылжытып ән салуды үйретеді. Содан бастап
бұлбұл ең керемет әнші құс атаныпты. Ал тоқылдақ «ме-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
нен асқан әнші жоқ» деп ойлайды екен. Онымен қоймай,
басқа құстарға:
– Ей, тыңдаңдар! Міне, әнді былай салу керек! Түк
қиындығы жоқ. Нағыз ән осы. Сенбесеңдер, қария ұстаз-
дан сұраңдар, – деп мақтанады.
Содан бері тоқылдақ ормандағы ағаштарды тұм-
сығымен тоқылдатып жүр. Ал бұлбұл өзінің әсем дауы-
сымен таңертең орман тұрғындарын оятады.
24
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.