Page 31 - 7.3.1
P. 31

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                         Алтын құс                                               special-edu.kz.

                                               І
            Бір шалдың үш ұлы мен алма ағашы болыпты. Шал
        жыл сайын оның жемісін жеп, жасарып тұрады екен. Бір
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жылы алмаларын белгісіз біреу жеп кетеді. Келесі жылы
        шал сақтық жасап, үлкен баласын күзетке тұрғызады. Ол
        ұйықтап қалып, алманы жегізіп қояды. Екінші жолы ор-
        таншысы күзетеді. Ол да ұйықтап қалады. Үшінші жолы
        кіші баласы күзетпек болады. Ол ұйықтамай, түнімен сы-
        бызғысын тартып отырады. Түннің бір уақытында алтын
        құс келіп, алманы жей бастайды. Бала қанатынан ұстай
        алғанда, құс ұшып кетеді. Бірақ қауырсыны қолында қа-
        лады. Ертесіне құстың қауырсынын әкесіне әкеліп береді.
        Сонда әкесі:
            – Енді құстың өзін табыңдар, – дейді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Ғажайып құсты іздемек болып, шалдың екі ұлы мықты
        ат мініп, жүріп кетеді. Сол кезде кіші баласы:
            –  Мен  де  барамын,  –  деп  әкесінен  рұқсат  сұрайды.
        Әкесі келісіп, сары құнанын ерттеп береді. Бала жол бо-
        йында қара тасқа кезігеді. Қара таста «Сол жаққа барған-
        ның өзі өледі, оң жаққа барғанның аты өледі» деген жазу
        бар екен. Сонда құнанға тіл бітіп:
            – Өлсем өлермін, оң жаққа жүр, – дейді.
            Бала тоғайдың ішіне келгенде, бір қасқыр кездеседі. Ол
        аттан түсе қашады. Қасқыр атты бас салады. Құнанынан
        айырылып,  бір  терекке  жасырынып  жылап  отырған  ба-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        лаға қасқыр:
            –  Қорықпа,  мен  сенің  атыңды  жедім,  енді  тілегіңді
        орындаймын – дейді.
            – Іздегенім алтын құс еді, – дейді бала.
            – Онда сен менің үстіме мін де, көзіңді жұм, – деп,
        қасқыр  зымырай  жөнеледі.  Бір  кезде  қасқыр:  «Көзіңді
        аш»,– дейді. Бала көзін ашса, бір қалаға келіпті. Қасқыр:
            – Құс мына үйде. Ақырын барып, аяғынан ұстамай,
        қанатынан ұстап алып шық, – дейді.


                                                                                     29
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36