Page 36 - 7.3.1
P. 36

special-edu.kz.




                 Тауық айтады:             special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                  – Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап
             қалар еді. Мен ерте тұрып: «Таң атты!» деп шақырып ха-
             бар айтамын. Кеш болса: «Жатар мезгіл болды!» деп тағы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             шақырамын.
                  Тышқан не айтарын білмей тұрады да, біртүрлі қу-
             лық ойлап, жиылған көпке айтады:
                  – Бұл таластан еш нәрсе өнбес. Жылды қарап тұра-
             йық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
                  Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Ме-
             нен бұрын кім көреді дейсің?» – деп, тышқанның сөзін қос-
             тайды. Бәрі қарап тұрады. Біраздан соң тышқан жорға-
             лап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан тала-
             сып: «Біз көреміз, біз көреміз», – деп тұрғанда, ең биікте
             отырған тышқанға ешкім мән бермепті. Сонан соң жыл-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             ды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы
             болыпты. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты.


                     жабағы – көктемде қырқып алынатын түйе мен
                     қойдың жүні



                        1. Ертегіні рөлге бөліп оқы.
                     2. Нелер жыл басы болуға таласты?
                 3. Хайуанаттар қандай шешімге тоқталды?
                 4. Неліктен тышқан жыл басы болды?
                 5. Тышқан қандай қулық ойлап тапты?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 6. Басқа хайуанаттар неге жыл басы бола алмады?

                     1. Жылқы, түйе, сиыр, қойдың айтысы туралы ертегіден тауып
                 оқы. Әр түліктің өздеріне тән ерекшелігі мен пайдасын салыстыр.
                 2. Арқан жіпті қай жануардың қылынан еседі?
                 3. Қай жануар шөлге шыдамды?
                 4. Құрт, майды қай жануардың сүтінен жасайды?

                     1. Ит пен тауықтың өздері туралы ойларын оқы.
                 2. Иттің адамға келтірер пайдасы қандай?
                 3. Тауықтың қандай пайдасы бар?

             34
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41