Page 37 - 7.3.1
P. 37
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Құмырсқаның қанағаты special-edu.kz.
Ертеде бір оқымысты адам болыпты. Ол барлық ха-
лықтың, жан-жануардың, жәндік, өсімдіктің тілін түгел
біледі екен.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бір күні оқымысты адам бақ ішінде келе жатып, құ-
мырсқаның илеуіне тап болады. Қарап тұрған біреуі жоқ:
бір тобы індерін кеңейтіп жатыр, бір тобы үлкен құртты
сүйретіп келеді, енді біреулері күзет қорықта жүр, ал ана
біреуі басқа илеуден ұшырасқан құмырсқамен алысып
жатыр.
Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да:
– Сенің басың неге үлкен? – деп сұрайды.
– Ақылым көп.
– Құйрығың неге үлкен?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Қайратым көп. Өзімнен қырық есе ауыр жүкті кө-
тере аламын. Қайратымды құйрығыма жинамасам, ауыр
жүкті көтергенде, тоңқалаң асар едім, – дейді.
– Ал сенің ішің неге жіңішке?
– Қанағатым көп.
– Жарайды, – деді оқымысты. – Ақылың мен қайра-
тыңның көп екеніне көзім жетіп тұр. Енді қанағатыңның
қандай екенін білейін. Егер саған бидайдың бір дәнін бер-
сем, қаншаға жеткізер едің?
– Бір жылға жеткізер едім, – депті құмырсқа.
– Оқымысты адам құмырсқаны сауытқа салып, қасы-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
на бидайдың бір дәнін қояды. Бір жыл өткен соң сауытты
алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз
жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы қалыпты.
Әрі-беріден кейін бірте-бірте мұртын, аяғын қимылдата-
ды да, құмырсқа орнынан тұрады.
– «Бір дән маған бір жылға жетеді» деп едің. Жыл
өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай? –
деп сұрады оқымысты.
35
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.