Page 33 - 7.3.1
P. 33
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ІІ special-edu.kz.
Ертесінде ханның алдына барғанда, бала не үшін кел-
генін айтады. Сонда хан:
– Әкең үшін жазаға тартпаймын. Осы жақта бір ханның
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сұлу қызы бар, соны алып келсең, атты беремін, – дейді.
Бала қасқырға келіп жағдайды айтады. Сонда қасқыр:
– Бұл жолы мен барайын, – деп өзі кетеді. Ханның
қызы қырық қызбен бақ ішіне серуендеуге шыққан екен.
Қасқыр алма ағашына жасырынып тұрады. Қыздар жа-
нынан өте бергенде, ол ханның қызын көтеріп ала жө-
неліп, балаға әкеледі. Жолда қыз бен бала бір-бірін ұна-
тып қалады. Бала:
– Екеуміздің айырылғымыз келмейді, осының амалын
тапсаң екен, – дейді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сонымен, олар қалаға келеді. Қасқыр өзгеріп, сұлу қыз
бола қалады. Бала ханға: «Айтқан қызың осы», – деп,
кейпін өзгерткен қасқырды алып келеді. Хан балаға риза
болып, алтын жалды атын береді. Бала кеткен соң қыз-
ды үйге кіргізіп, жанына жақындаса, қыз жоқ, қасқыр
тұр. Хан қорқып талып қалғанда, қасқыр сыртқа қашып
шығып, жігітті қуып жетеді. Бала:
– Бұл аттан да айырылғым келмей тұр, соның бір ама-
лын тап, – дейді. Қасқыр: «Мақұл», – деп өзгеріп, алтын
атқа айналады. Хан алтын жалды атты қолына түсіргені-
не мәз болып, балаға алтын құсты ұстатып жібереді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Хан сол күні аңшыларын жинап, бала әкеліп берген
алтын атқа мініп аңға шығады. Бір жазыққа аттарын тұ-
сап, өздері киік атуға кетеді. Олар кетісімен, қасқыр өз
бейнесіне еніп, баланы қуып жетеді де:
– Әрі қарай өздерің жүре беріңдер, – деп қалып қояды.
Екеуі ұзақ жол жүреді. Бір кезде қыз:
– Аздап демалайыншы, – дейді. Екеуі ұйықтап жатқан-
да, жігіттің екі ағасы жетіп келіп олардың үстінен түседі.
31
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.