Page 29 - 7.3.1
P. 29

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               ІІ                                                special-edu.kz.

            Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп
        алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай
        сұрағанын береді. Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        асық ойнап жатқан балалар шалға:
            – Ата, асқа түсіңіз! – дейді.
            Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға:
            – Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер, – дейді.
        Шал үйге кіріп кеткен соң балалар тыңдасын ба: «Піс, қа-
        заным, піс!» – деп шулап қоя береді. Сүйдегенде, әртүрлі
        тамақ  пісіп,  даяр  болады.  Балалар  қазанды  айырбастап,
        алып  қояды.  Шал  шығып,  қазанды  үйіне  алып  барып:
        «Піс, қазаным, піс!» – десе, еш нәрсе піспейді. Шал қазан-
        ды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға:
            –  Бұдан  еш  нәрсе  шықпады,  –  дейді.  Қазбай  қазанды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        алып: «Піс, қазаным, піс!» – десе, еш нәрсе шықпайды. Қаз-
        бай қазанды алып, шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті
        алып үйіне қайтады. Жолда келе жатса, балалар шалға:
            – Ата, асқа түсіңіз! – дейді. Шал асты тастағысы кел-
        мей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып балаларға:
            – Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер, – дейді.
        Балалар:
            – Мақұл! – дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң-ақ бала-
        лар: «Құс, есегім, құс!» – десе, есек алтын құсады. Ба-
        лалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. Шал
        есекті алып үйіне кетеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Кемпір:
            – Қаздан барып алып келгенің осы ма? – дейді.
            Шал есекке: «Құс есегім, құс!» – десе, есек еш нәрсе
        құспайды. Шал есекті алып, Қазбайға тағы қайта келеді.
            – Есектен еш нәрсе шықпайды, – дейді. Қазбай есекті
        алып: «Құс, есегім, алтын құс» – десе, еш нәрсе құспайды.
        Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты»
        алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен.



                                                                                     27
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34