Page 34 - 7.3.1
P. 34

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                 – Әкеміз «екеуің таппағанды інілерің тапты» деп бізді                           special-edu.kz.
             жек көретін болады, – деп, қызға қызығып өзара ақылда-
             сады. Олар інісін өлтіріп, сұлу қызды, алтын құсты және
             алтын жалды атты алып кетеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Бір күні қасқыр баланың жайын сезіп, оған жетіп ке-
             леді. Қараса досы өліп жатыр. Маңайында қарғалар үйме-
             леп жүр екен. Сонда ол қарғалардың патшасын ұстап алып:
                 –  Өлместің  суын  әкеліңдер,  әйтпесе  босатпаймын,  –
             дейді.  Олар  өлместің  суын  әкеліп  береді.  Қасқыр  суды
             балаға себеді. Бала:
                 – Ұйықтап қалыппын, – деп атып тұрады.
                 Қасқыр балаға:
                 – Менің үстіме мін, үйіңе алып барайын, – дейді.
                 Келсе, баяғы қызға үлкен ағасы үйленгелі жатыр екен.
             Бала:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 –  Үйге  кіріп,  сыбызғы  тартып  беруге  рұқсат  сұрап
             бер, – деп бір кемпірді жібереді. Кемпір баланың сөзін
             жеткізеді. Сонда әкесі:
                 – Бәлкім, менің кіші баламның күйін ойнар. Кірсін, –
             дейді. Бала үйге кіріп, сыбызғы тартып береді. Сонда қыз:
                 – Мені алған бала осы! Мына екеуі мұны өлтіріп, мені
             осында алып келді, – дейді.
                 Әкесі істің жайын түсініп, екі баласын елден қуып, қыз-
             ды кіші баласына алып береді. Екеуі бақытты өмір сүреді.


                        1. Ертегіні түсініп оқы. Шалдың ұлдарына мінездеме бер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     2. Олардың інісіне жасаған қылығы дұрыс па?
                 3. Ертегіде қасқырдың қасиеті қандай?
                 4. Ол балаға көмектесу үшін қандай қулықтарға барды?
                 5. Бала қалай мұратына жетті?

                     1. Мәтіннен ханның алтын атқа мініп, аңға шыққан жерін
                 тауып оқы.
                 2. Хан аттарын қайда қалдырды?

                     1. Мұғалімнің көмегімен баланың үйіне оралуын мәтіннен оқы.
                 2. Қыз жігітті қалай таныды?


             32
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39