Page 38 - 7.3.1
P. 38
special-edu.kz.
special-edu.kz.
– Иә ... ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің special-edu.kz.
халім әлдеқайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір
жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен
бостан-босқа аштан өлген болар едім. Сол себепті бір жыл
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бойы жарты дәнді қанағат қылдым, – деп жауап береді
құмырсқа.
– Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді
қанша уақытқа жеткізген болар едің?
– Төрт-бес жылға жеткізген болар едім, – депті құмырсқа.
қанағат – барға риза болу, ақылға салып, өзін-өзі
тежеу
қайратымды – күшімді деген мағынада
1. Ертегіні оқып, жоспар бойынша әңгімелеп бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1) Оқымысты адамның құмырсқа илеуіне тап болуы.
2) Құмырсқамен тілдесуі.
3) Бір жыл өткен соң.
2. «Қанағат қарын тойғызады» деген мақалдың мағынасын қа-
лай түсінесің?
3. Оқымысты адам бақ ішінде не көрді?
4. Құмырсқаның ақылы, қайраты, қанағаты қайда орналасқан?
5. Ол қандай жәндік?
1. Оқымысты адам мен құмырсқаның әңгімесін рөлге бөліп
оқы. Құмырсқа мекендейтін жерлерден (бақтардан, саябақтан)
олардың еңбектерін бақылап көр. Достарыңмен бөлісіп айтып бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Ертегі сендерге ұнады ма? Неге?
3. Оқымысты адам құмырсқаға қандай сұрақтар қойды?
4. Ертегіден сен не үйрендің?
1. Құмырсқалардың тіршілігі суреттелген тұсын тауып оқы.
Құмырсқалардың тіршіліктерін ата.
2. Бақ ішінде оқымысты адам неге кез болды?
3. Ертегіден құмырсқаның қандай жәндік екенін оқып білдің?
4. «Қанағат» сөзіне қандай қарама-қарсы сөз білесің?
5. Мектеп кітапханасынан жәндіктер туралы басқа да ертегілер
алып оқы. Мазмұнын сыныптастарыңа айтып бер.
36
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.