Page 43 - 7.3.1
P. 43

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                    Жиренше шешен                                                special-edu.kz.

            Бір  күні  хан  нөкерлерін  ертіп  серуенге  аттаныпты.
        Жол  үстінде  Жиреншені  шақырып  алып,  әңгімелесіп
        келе жатады. Бір төбеден аса бергенде, ханның алдынан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жел қуған бір қаңбақ домалап, ұшып бара жатады.
            – Уа, Жиренше, анау қаңбақ қайдан келеді, қайда ба-
        рады екен? Сұрап келші! – дейді хан.
            Жиренше шауып ала жөнеледі де, жетіп барып, қаң-

        бақты  қамшымен  ұрып  тоқтатып,  біраз  тұрады.  Аздан
        кейін қоя беріп, ханға қайтып келеді. Жел қуған қаңбақ
        тоқтасын ба, домалай жөнеледі.
            – Уа, Жиренше, сөйлестің бе? Қаңбақ не айтты? Қай-
        дан келеді екен, қайда барады екен домалап? – дейді хан.
            –  Сөйлестім,  тақсыр!  Сөгіп  алды  өзімді,  –  деп  жауап
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        береді Жиренше. – Тақсыр, соны сұрап не қыласыз? Ол:
        «Желге ұшам, сайға қонам, оның несін сұрайсың? Біл-

        меуші  ме  едіңдер?  Ұшарымды  жел  біледі,  қонарымды
        сай біледі. Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па, сұрай
        келген сен ақымақ па?» – деді де, қаңбақ ұша жөнелді,
        тақсыр, – дейді Жиренше.
            Хан ұялғаннан еш нәрсе дей алмай қалыпты.


                   1. Әңгімені рөлге бөліп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
                2. Жиренше мен хан жолда неге кез болады?
            3. Хан Жиреншені қайда жұмсайды?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            4. Хан неліктен ұялды?
                 1.  Жиреншенің  ханға  қаңбақтың  жауабын  айтқан  жерін
            мәтіннен тауып оқы.
            2. Жиренше қаңбақтың жауабын қалай жеткізді?
            3. Хан Жиреншенің жауабына сенді ме?

                1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. Мәтіннен жолаушылардың
            қаңбаққа жолыққан тұсын оқы.
            2. Әңгімеде жолаушыларға не кездесті? Сұраққа толық жауап
            бер.


                                                                                     41
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48